- Departments by region
- Astana
- Almaty
- Ulytau Region
- Zhetysu Region
- Шымкент
- Abay region
- Akmola region
- Aktobe region
- Almaty region
- Atyrau region
- East Kazakhstan region
- Zhambyl region
- West Kazakhstan region
- Karagandy region
- Kostanay region
- Kyzylorda region
- Mangistau region
- Pavlodar region
- North Kazakhstan region
- South Kazakhstan region
Date of publication: 19.05.2017 09:36
Date of changing: 19.05.2017 09:37
Жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық
төлеушi ретінде тіркеу есебі жөнінде
2017 жылдың 1 қаңтарынан 2016 жылдың 30 қарашасындағы №26-IV «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексіне келесі өзгерістер енгізілді:
1. Салық органы:
- хабарлама берілген күннен бастап;
- лицензиялауға жататын қызмет түрлері бойынша рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен мәліметтер алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде салық төлеушіні жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қоюды жүргізеді.
2. Салық төлеушi тiркеу деректерінде көрсетiлген салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер туралы мәлiметтер өзгерген кезде өзгерістер туындаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердiң тiркелген жері бойынша салық органына хабарламаны беруге мiндеттi.
3. Салық органы салық төлеушіні хабарлама негізінде, лицензиялауға жатпайтын қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебінен мынадай:
1) қызмет түрлерiн жүзеге асыру тоқтатылған;
2) тіркеу деректерінде көрсетілген барлық салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді есептен шығарған жағдайларда шығаруға тиіс.
Мемлекеттік қызмет көрсетулер басқармасы