Date of publication: 06.09.2017 17:17
Date of changing: 06.09.2017 17:19

«Төмендетілген баждар ставкалары қолданылатын (ДКҰ), Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін Тізімнен тауарлардың айналысының тәртібі»

    

2016 жылдың 11 қаңтарынан бастап Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелу және айналдырудың кейбір мәселелері туралы Хаттама күшіне енді (бұдан әрі - Хаттама).

Хаттама ДКҰ-ға ену бойынша Қазақстан Республикасының міндеттемелеріне сәйкес кедендік баждардың төмендетілген ставкалары бойынша Қазақстанға әкелінетін тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың  (ЕАЭО) шеңберінде әкелу және өткізуді реттеу тәртібін көздейді.

Қазақстан Республикасы ДКҰ-ға қосылу жағдайы ретінде қабылданған міндеттемелерге сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тарифінің баж ставкаларымен салыстырғанда одан да төмен әкелу кедендік баждарының ставкалары қолданылатын тауарларға қатысты тауарлар тізбесі 2015 жылғы  14 қазандағы №59 Еуразиялық экономикалық одақтың    Кеңесімен бекітілген.

ДКҰ шеңберінде төмендетілген кедендік баждар бойынша әкелінген қазақстандық тауарларды ЕАЭО-ға мүше елдерге мүмкін қайта экспорттау туралы ЕАЭО елдерінің қаупін ескере отырып, 2015 жылдың 16 қазанында ЕАЭО елдерінің басшылары ДКҰ ену шеңберінде Қазақстан Республикасының тарифтік міндеттемелерін имплементациялау бойынша бірқатар құжаттарға қол қойды.

Қол қойылған құжаттарға сәйкес Қазақстан Республикасы оларды төмендетілген кедендік баждар бойынша әкету жағдайында, алулар тізіміндегі тауарларды әкетуге рұқсат бермеуге міндеттеме алды.

Алулар тізіміне енгізілген тауарларды Қазақстан Республикасына әкелу ДКҰ ставкалары бойынша, бірақ Қазақстан Республикасынан тыс әкету құқығынсыз, немесе АЕЭО БКТ ставкалары бойынша оларды ЕАЭО мүше елдере сату мақсатымен жүзеге асырылуы тиіс.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасына тауарларды импорттау кезінде 2015 жылдың 1 желтоқсанынан бастап салық төлеушілерге келесі талаптарды сақтау қажет:

  1. Алулар тізімінен ДКҰ ставкалары бойынша Қазақстан Республикасына әкелінген тауарлар Қазақстан Республикасынан тыс әкетуге және айналымға шығаруға тыйым салынады;
  2. ЕАЭО БКТ ставкалары бойынша Қазақстан Республикасына әкелінген тауарлар, ЕАЭО кедендік аумағына әкету кезінде кедендік декларацияның көшірмесімен және электрондық шот-фактурамен ілесуі тиіс.
  3. Қазақстан Республикасында шығарылған тауарларды ЕАЭО мүше елдеріне әкету кезінде,  егер осы топтың тауары Алулар тізіміне жатса, растайтын құжат ретінде СТ-1 нысанындағы тауардың шығуы туралы сертификатты ұсыну қажет.

Тауарларды Қазақстан Республикасының төмендетілген баждары бойынша әкелу жағдайында сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың оларды Қазақстан Республикасынан тыс  әкетуге құқығы жоқ.  Әкелу құқығы аталмыш тауарларды қолданыстағы ЕАЭО БКТ бойынша әкелу жағдайында ғана пайда болады.

Алулар тізіміне енгізілген тауарлар  ЕАЭО БКТ ставкалары бойынша әкелінуі мүмкін. Бұл жағдайда мұндай тауарлар ЕАЭО тауары мәртебесіне ие болады.

 Осылайша, кәсіпкерлерге тауарларды әкелу кезінде алдымен әкелінетін тауарлардың межелі бағатын анықтау қажет.  Егер тауар Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығатын болса, тауарларды төмендетілген кедендік баждар бойынша әкелуге болады. Егер, келешекте тауар басқа елдерге сатылатын болса, тауарларды кедендік тазарту ЕАЭО БКТ ставкалары бойынша жүргізілуі тиіс.

 

 

Тарифтік реттеу және

пост-кедендік бақылау басқармасы