Date of publication: 13.09.2017 12:18
Date of changing: 13.09.2017 12:19

Ренген-телевизиялық операторларды даярла туралы

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде 2017 жылғы 05 қыркүйектен бастап 08 қыркүйекке дейінгі кезең ішінде «HEIMANN» и «RAPISCAN» ренген-телевизиялық қондырғылармен жұмыс жасау бойынша Департаменттің лауазымды адамдарының қатысуымен оқыту семинары өткізілді.

Сабақтар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Оқыту әдістемелік орталығының Дистанциондық оқыту және ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы Ляззат Турдакыновна Касымкулованың басшылығымен өтті.

Ляззат Турдакыновна Касымкулованың жоғары кәсіби деңгейін атап өткен жөн, Департаменттің лауазымды адамдары «Ренген-телевизиялық қондырғылар операторларын дайындау» тақырыбы бойынша арнайы курсты сәтті бітіріп, тиісті сертификаттарды алды.

Аталмыш курс кедендік бақылауды жетілдіруге, Еуроазиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды және көлік құралдарын өткізу кезінде кедендік әкімшілендірудің тиімділігін арттыруға бағытталған.

Кедендік бақылау басқармасы