Date of publication: 09.06.2015 15:23
Date of changing: 09.06.2015 15:24

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде ү.ж. 29 мамырда «дөңгелек» үстел отырысы өткізілді, онда әкелінетін тауарларды техникалық реттеу, кедендік баждар, салықтарды қамтамасыз етуге қатысты құжаттарды ресімдеу ерекшелігімен байланысты мәселелер қаралды. Сонымен қатар,  қатысушылар кеден өкілдерінің мемлекеттік кірістер органдарымен өзара байланысын реттейтін Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің жеке бұйрықтарының негізгі ережелерімен танысты.

«Дөңгелек» үстел отырысында «НаЦэКС»  ҚФ АҚ  директорының орынбасары Клецова Т.М., кәсіпкерлер палатасының өкілі Абдикаримов Е.Ф, Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жанындағы кеден және салықтық әкімшілендіру мәселелері бойынша Консультативтік кеңес мүшелері, СЭҚ қатысушылары, кеден өкілдері, Департаменттің басқармалары, бөлім және кеден бекеттерінің мамандары қатысты.

Т.М. Клецова отырыс барысында қатысушыларды кеден одағының  қолданыстағы техникалық реттеу регламентімен танысты, бүгінгі таңда 34 КО ТР қолданыста екенін хабарлады.

2015 жылғы 1 қаңтардан «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» 018/2011 КО ТР күшіне енді, оны тәжірибелік пайдалану бірқатар проблемалық кезеңдерді тудырды. Әлі күнге дейін заңды тұлғалар әкелетін жаңа жүк көліктерін ресімдеу мәселесі  өткір болып қалуда, себебі оларға көліктік құрал типіндегі Мақұлдау алу қажет, бірақ осы салада аккредитацияланған зертханалар Қазақстанда жоқ.

Сөз сөйлеуші қазіргі таңда  нақты қиындықтар туындағанын және біздің жақын көршілер – Ресей, сондай-ақ ЕАЭҚ бойынша  басқа серіктестік – Баларусь Республикасының шаруашылық субъектілері қазақстандық ұйым, мекемелер алдында басымшылық танытады, себебі, олардың аумағында көлік құралының типіне мақұлдау беру бойынша аккредитацияланған компаниялар жұмыс істейтінін хабарлады.

Осындай жағдай «Ауылшаруашылық  және орман шаруашылығы тракторларының қауіпсіздігі  туралы 031/2012» КО ТР күшіне енуімен байқалады, олар бойынша шина тауарлары бойынша сынақ базасы да жоқ.

Дегенмен де, аумақта аккредитациялау саласын кеңецту бойынша нақты қадамдар және персективалар бар: осылайша, бүніггі күні «Ұлттық сараптау орталығы» АҚ ҚФ аккредитациялау саласы ЕАЭҚ мүше елдердің кедендік аумағына әкелінетін мынадай тауарларға тарайды: жеке қорғаныс заттары, артық қысымдағы жабдықтар, қорап, ойыншықтар, жеңіл өндіріс тауарлары, бензин, машина жабдықтары, дөңгелекті көлік құралдары,  газ отындағы төмен вольттіқ жабдық,  азық өнімі, майланған материалдар, жол құрылысына арналған материалдар.

Қатысушылар Курбанов Р.Б.(ТОО «Стофарм»), Нестерова Л.В.(ТОО «CustomsSatellite»), Байболова Н.В.(ТОО «Спектр-К») Еуразиялық одақ шегінен облысқа әкелінген, Ресей және Беларуссияда осындай тауарларға берілген, сертификат материалдарын ұсыну арқылы тауарларды сетификаттау ерекшелігіне қатысты сұрақтар қойды.

Сөз соңында Т.М. қатысушыларды  Қостанай және республиканың басқа облыстарында  сертификация, сынақ зертханасын жүзеге асыруға құқылы ұйымдар, міндетті сертификаттауға жататын тауарлар, тіркелген  декларациялардың сәйкестігі тізімі бойынша барлық ақпарат www.nsa.kz сайтында орналасқанын назарға салды.

«Дөңгелек» үстелдің екінші бөлігінде Кедендік ресімдеу басқармасының өкілі Е.А. Найденов  жиналғандарды  осы жылғы 26 мамырдан бастап күшіне енген 31.03.2015 жылғы №246 «Мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғаларының тауарларды  кедендік тазартуды жасау ережелерімен» ҚО ҚМ бұйрығымен таныстырды, аталмыш бұйрықтың негізгі жаңашылдықтарын айтты, аталмыш құжатты  практикалық жетілдіруде белсенді қатысу және кез-келген ескертулер немесе ұсыныстар туындаған жағдайда бірден Департаментке жүгіну қажеттігін айтты.

Одан әрі Тауар номенклатурасы және кедендік құн басқармасы басшысы Л.А. Нургазина кедендік баждар, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді тіркеу туралы өтініш келіп түскенде, аталмыш тіркеу Департаменттің ресми жауабынсыз тіркеледі,  өтінішке жауап тіркеуден бас тартқан жағдайда ғана ұсынылатын болатынын айтты.

Осылайша, аталмыш қамсыздандыруды тіркеу және беру рәсімі Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне жүгінген кезде қолжетімді және жеңілдетілді, мұның өзі әкімшілік кедергілерді азайту үшін қабылданатын нақты шаралардың растауы болып табылады.

Бұл ретте Кедендік бақылау басқармасының басшысы А.А. Ли жалпы әлемдік стандарттар, бизнес орта деңгейінде бәсекеге қабілеттілікті одан әрі қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар жасау, сауда операцияларында көмек көрсету және жеңілдету – мемлекеттік кірістер органдарының қызметі түрлері үшін басым бағыт екенін атап өтті.

Сондай-ақ, А.А. Ли кеден ісі саласында бірқатар нормативтік құқықтық актілердің, атап айтқанда, кедендік декларациялау бойынша маманның біліктілік аттестатын беру, бажсызсыз сауда дүкендерінде тауарларды сату, бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіміне енгізу үшін қосымша шарттар, сауалнама нысанын, уәкілетті экономикалық операторлар тізімін және тізімге енгізу куәлігін бекіту және т.б.  ережелерін анықтайтын ҚР ҚМ бұйрықтары күшіне енгенін хабарлады.

Осыған байланысты А.А. Ли декларанттың немесе өзге де мүдделі тұлғалардың атынан кедендік операциялар жасайтын кеден өкілдерінің назарына  ЕАЭҚ және Қазақстан Республикасының кеден заңнамаларына сәйкес, «Кедендік декларациялау бойынша маманның біліктілік аттестаттарын берудің кейбір мәселелері туралы» 2015 жылғы 31 наурыздағы №238 бұйрығына сәйкес, емтихандар енді әр облыста өткізіледі, яғни, әр Мемлекеттік кірістер департаменті, соның ішінде Қостанай облысы бойынша , кедендік декларациялау бойынша маманның біліктілік аттестаттарын алуға біліктілік емтихандарын өткізуге құқылы.

«дөңгелек» үстел отырына қатысушы кеден өкілдері Нестерова Л.В.(ТОО «CustomsSatellite»), Байболова Н.В.(ТОО «Спектр-К») бұрын басқа Департаменттер берген аттестаттардың әрекет ету мерзімі, емтихандар өткізу кестесі бойынша сұрақтар қойды.

А.А. Ли аталмыш бұйрықтарға сәйкес Департаментте біліктілік емтихандарын ұйымдастыру және қабылдау бойынша комиссия құрылатыны туралы хабардар етті.

Емтихандарды өткізу кестесі, біліктілік аттестаттарын беру және т.б. ақпарат «СЭҚ қатысушыларына» тақырыбында kst.kgd.gov.kz сайтында орналастырылған.