Date of publication: 14.11.2017 15:04
Date of changing: 16.11.2017 16:04

              «Жүн өнімдерін таңбалау»

  Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, «Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар» тауар позициясы бойынша тауарларды бақылау (идентификациялау) белгілерімен таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 4 қыркүйектегі № 534, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 18 қыркүйектегі № 635, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 7 қыркүйектегі № 337 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 20 қыркүйектегі № 331 бірлескен бұйрығы заңды күшіне енгені туралы хабарлайды.

 

Бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалауға жататын тауарлардың тізбесі. 

ЕАЭО СЭҚ ТН     
Кодтары

Тауардың атауы

 

4303 10 901 0

 қара күзеннен жасалған киім

4303 10 902 0

Сазкәмшаттан жасалған киім

4303 10 903 0

 түлкіден немесе ақ  түлкіден жасалған киім

4303 10 904 0

 Қояннан немесе үй қоянынан жсалған киім

4303 10 905 0

 жанаттан жасалған киім

4303 10 906 0

 қой терісінен жасалған киім

4303 10 908 0

 басқа киім*

* Жүннің басқа түрлерінен жасалған киімдер