Date of publication: 02.07.2015 09:15
Date of changing: 02.07.2015 09:17
 

Облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті,  «Достық» кедені

 

 

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті түсіп жатқан ауызша сұрауларға байланысты, бұдан бұрын  2015 жылғы 11 сәуірдегі №МКК-08/6800-И хатымен жолданған Кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар (бұдан әрі – КТСжӨ) бойынша берешекті өндіріп алу және есептен шығару кезінде әрекеттерді жүзеге асырудың тәртібі жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға қосымша КТСжӨ бойынша берешекті өндіріп алу тиімділігін арттыру мақсатында ортақ жауапкершілігі бар тұлғалардан  КТСжӨ бойынша берешекті өндіріп алу және берешекті артық төленген сомалар есебінен  өндіріп алу мәселесі бойынша мынаны хабарлайды.

        

Ортақ жауапкершілігі бар тұлғалардан берешекті өндіріп алуға қатысты

 «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 157-бабы 2-1-тармағына сәйкес ортақ міндеттемелер болғанда КТСжӨ бойынша берешекті өндіріп алу шараларын қолдану барысында кеден органдары Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамаларымен белгіленген ортақ міндеттемелер кезіндегі кредитор құқығын қолданады.

 Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – ҚР АК) 287-бабына сәйкес егер бұл шартта көзделмесе немесе заң құжаттарында белгiленбесе, соның iшiнде мiндеттеменiң мәнi бөлiнбейтiн кезде ортақтасқан мiндеттеме немесе ортақтасқан талап пайда болады. Кәсiпкерлiк қызметпен байланысты мiндеттеме бойынша бiрнеше борышқордың мiндеттерi, сол сияқты мұндай мiндеттемелердегi бiрнеше несие берушiнiң талаптары, егер заңдарда немесе мiндеттеме шарттарында өзгеше көзделмесе, ортақтасқан мiндет болып табылады.

ҚР АК осы бабының 3-тармағына сәйкес борышқорлар ортақтасып мiндеттi болған жағдайда несие берушi барлық борышқорлардан да, жеке-жеке алғанда олардың кез келгенiн де, оның үстiне борышты түгелдей де, бөлшектеп те орындауды талап етуге құқылы. Ортақтас борышқорлардың бiрiнен толық қанағаттанбаған несие берушi алынбағанды ортақтас борышқорлардың қалғандарынан талап етуге құқылы. Ортақтас борышқорлар мiндеттеме толық орындалғанға дейiн мiндеттi болып қала бередi. Борышқорлардың бiрiншi ортақтастық мiндеттi толық орындауы қалған борышқорларды кредитор үшiн орындаудан босатады.

Кодекстің 128-бабына сәйкес декларант немесе өздеріне Кодекске және (немесе) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөнінде міндет жүктелген өзге де тұлғалар кедендік баждарды, салықтарды төлеушілер болып табылады.

Ортақ жауапкершілік мына тұлғаларда туындайды:

1)    Кодекстің 30-бабы 7-тармағына сәйкес кеден өкілінде;

2)    Кодекстің 130-бабы 2-тармағына сәйкес тауарларды заңсыз өткізген тұлғалар мен тауарларды заңсыз өткізуге қатысатын тұлғаларда және де заңсыз әкелінген тауарларды меншігіне немесе иелігіне алған тұлғаларда;

3)    Кодекстің 331-бабы 6-тармағына сәйкес кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалдаған кезде кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз еткен өзге тұлғаларда;

4)    Кодекстің 383-бабы 3-тармағының 2) тармақшасының үшінші абзацына сәйкес декларант уақытша әкелінген тауарларды иемденуге және пайдалануына берген  тұлғаларда. 

Кодекстің 157-бабы 2-1-тармағының екінші абзацына сәйкес кеден органдары Кеден одағының кеден заңнамасына және Кодекске сәйкес кедендік баждарды, салықтар мен өсімпұлдарды төлеу жөніндегі ортақ міндеті туындаған тұлғаларға қатысты Кодекстің 157-бабы 3-тармағында көзделген тәртіппен берешекті өндіріп алу шараларын қолданады.

Сонымен, Кодекспен көзделген ортақ міндеттемелер туындаған жағдайда негізгі төлеушіге кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама (бұдан әрі – Хабарлама) шығарған Мемлекеттік кірістер департаментінің  бөлімшесі негізгі төлеушімен ортақ жауапкершілігі бар тұлғаға берешектің толық сомасы көрсетілген Хабарламаны шығарады және жолдайды.

Сонымен қатар Кодекстің 159-бабы 2-1-тармағына сәйкес декларанттың және кеден өкілінің Кодекстің 30-бабында көзделгендей кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша ортақ міндеті болған кезде, Хабарламалар декларантқа және кеден өкіліне бір мезгілде шығарылады, бұл жөнінде аталған Хабарламаларда көрсетіледі.

Есептелген және төленген сомалардың есебін дұрыс жүргізу мақсатында ортақтас жауапкершілік туындаған жағдайда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 қарашасындағы №1229 қаулысымен бекітілген Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың бюджетке түсуін есепке алу, сондай-ақ

төлеушілердің кедендік баждардың, салықтардың, кедендік

алымдардың және өсімпұлдардың түрлері бойынша жеке

шоттарын жүргізу қағидасының 15 тармағына сәйкес негізгі төлеушінің және ортақтас борышқордың дербес шоттарына жазулар жүргізу үшін КТСжӨ сомаларын есепке жазуға (азайтуға) тізілім (бұдан әрі – Тізілім) жолданады. Борышқорлардың ортақтастық міндеті бір борышқормен толық орындалғанда басқа борышқорлар Хабарламаны орындаудан босатылады.  Сондықтан, бір борышқормен КТСжӨ бойынша берешек толық өтелген жағдайда басқа борышқорларға жолданған Хабарламалар мен Тізілімдер кері қайтарылады.

Хабарламаны орындау мерзімі өткеннен кейін КТСжӨ бойынша берешек өтелмеген жағдайда, жоғары тұрған органға немесе сотқа шағымдану жағдайын қоспағанда, негізгі төлеушіге де және ортақ жауапкершілігі бар тұлғаға да берешекті өтеуді қамтамасыз ету және мәжбүрлеп өндіріп алудың тиісті шаралары қолданылады.

БЖБ-8 нысаны бойынша КТСжӨ бойынша берешектің жағдайы және оны өндіріп алуға қолданылған тәсілдер мен шаралар туралы есепті ұсыну  барысында  «Қосымша» 38-бағанында ортақ жауапкершілігі бар тұлғаларға бағытталған және қолданылған шаралар туралы мәліметтер көрсетілуі қажет (құжаттың атауы, нөмірі, күні, сомасы және т.с.с.).

 

Берешекті артық төленген сомалар есебінен өндіріп алуға қатысты

Кодекстің 157-бабы 2-тармағына сәйкес кедендік төлемдер мен салықтар белгіленген мерзімде төленбеген немесе толық төленбеген жағдайда кеден органдары кедендік төлемдер мен салықтарды төлеушінің ақшасы және (немесе) басқа да мүлкі есебінен, оның ішінде артық төленген кедендік төлемдер мен салықтар және (немесе) аванс төлемдерінің сомасы есебінен, сондай-ақ егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше белгіленбесе, кедендік баждар, салықтар есебінен мәжбүрлеп өндіріп алады.

КТСжӨ бойынша берешекті артық төленген кедендік төлемдер мен салықтар сомалары есебінен өндіріп алу жоғары тұрған органға немесе сотқа шағымдану жағдайын қоспағанда, Хабарламаны орындау мерзімі өткеннен кейін Кодекстің 161-бабымен көзделген тәртіпте жүргізіледі.

Сонымен қатар кедендік төлемнің және (немесе) салықтың бір түрі бойынша артық төленген сомалары есебінен КТСжӨ бойынша берешекті өндіріп алу  кедендік баждар, салықтар және кедендік алымдардың артық (қате) төленген сомалары бар екенін растауды (бұдан әрі – Растау) ресімдемей төлеушінің дербес шотының негізінде  артық төленген кедендік төлемдер және (немесе) салықтар және (немесе) аванс төлемдерінің сомасынан мәжбүрлеп өндіріліп алынады.

Кодекстің 161-бабы 1-тармағының екінші абзацына  сәйкес кедендік төлемнің және (немесе), салықтың өзге түрі бойынша кедендік төлемдердің және (немесе) салықтардың артық төленген сомалары есебінен КТСжӨ бойынша берешекті  өндіріп алуды кеден органы Кодекстің 154-бабына сәйкес Растау тіркелген төлеушінің өтінішінің негізінде есепке жатқызу арқылы жүргізеді.

КТСжӨ бойынша берешекті кедендік төлем және (немесе) салықтың өзге түрі бойынша артық төленген сомадан өндіріп алу шараларын жүргізу үшін, дербес шоттардың мәліметтері бойынша артық төленген сома болған жағдайда төлеушіге кедендік төлем және (немесе) салықтың өзге түрі бойынша артық төленген сомадан өндіріп алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хат (бұдан әрі – Хат) жолдау қажет.

Осы Хатта, Хатты жолдаған күнге КТСжӨ бойынша берешегі, кедендік төлемдер,салықтар, басқа да міндетті төлемдер түрлері бойынша, өсімпұлдар мен айыппұлдар бойынша артық төленген сомалар бар екендігі туралы мәліметтер, сондай-ақ ұсыну бойынша  мынадай талаптар көрсетілуі тиіс:

1) мынадай құжаттардың:

-  кедендік бахждар, салықтар, кедендік алымдар сомаларынң төленгенін растайтын төлем құжатының;

- кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар есептелген және төленген кедендік декларацияның;

- кедендік алымдарды төлеу кедендік декларацияны мәлімдемей жүргізілген жағдайларда табыс етілетін, жүзеге асырылғаны үшін кедендік төлемдер төленген, тауарлар мен көлік құралдарын кедендік алып жүру, тауарларды сыныптау жөнінде немесе тауарлардың шығарылған жері туралы алдын ала шешім қабылдау кезінде ресімделген басқа құжаттардың  көшірмелері тіркелген Растауды беруін сұрау туралы өтінішті;

2) Кодекстің 154-бабы 6-тармағынының үшінші абзацына сәйкес Растауды алған күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей Растау тіркелген артық төленген салық, басқа да міндетті төлемдер, кедендік төлемдер, өсімпұлдар мен айыппұлдарды КТСжӨ бойынша берешекті өтеу үшін есепке жатқызуды жүргізуге салық өтінішін табыс ету туралы.

Хатты төлеушіге жолдағаннан кейін және кедендік төлемдер мен салықтардың артық төленген сомасы жеткіліксіз болған жағдайда берешекті өндіріп алу бойынша одан арғы шаралар қолданылады.

Кодекстің 161-бабына сәйкес кеден органы артық төленген кедендік төлемдер және салықтар және (немесе) аванстық төлемдер есебінен өндірілген КТСжӨ бойынша берешек сомасы туралы төлеушіге өндіріп алған күннен кейін екі жұмыс күні ішінде хабарлайды. 

 

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитеті

төрағасының м.а.                                                    А. Қыпшақов