Date of publication: 15.02.2018 16:13
Date of changing: 15.02.2018 16:16

Салық салу саласындағы салық төлеушілерді хабарлар мақсатында Лисаковск қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы «2018 жылдың 1 қаңтардан бастап Салық заңнамасына өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы» семинар өткізді. Семинар барысында Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы Заңға өзгерістер бойынша түсініктемелер берілді.

Семинарда келесі мәселелер қарастырылды:

  • акциздер мөлшерінің өзгеруі;
  • лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақыны енгізу, лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақыны төлеу мерзімі және мөлшерің өзгерту. алымдарды төлеудің шарттарын және мөлшерін өзгертетін лицензиялардың қолданылуына байланысты төлемдерді енгізу;
  • Есепке алу-бақылау маркалар идентификация тану приборларымен жабдықталғандығы.

Сондай-ақ салық төлеушілер кеңес алу үшін 1414 немесе 8 800 080 77 77 Бірыңғай байланыс орталығына кез-келген телефоннан тегін хабарласа алады. Салық заңнамасын түсіндіргеннен кейін диалог өтті. Салық төлеушілердің қойылған барлық сұрақтарына баяндаушы нақты жауаптар берді.

 

Лисаковск қаласы бойынша

 Мемлекеттік кірістер басқармасы

             Управление государственных доходов

по городу Лисаковску