Date of publication: 05.04.2018 11:51
Date of changing: 05.04.2018 11:53

«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» 2017 жылғы 26 желтоқсандағы ҚР Кодексінің 418-бабының 20-тармағына сәйкес ҚР Қаржы Министрінің 2018 жылғы 23 қаңтардағы № 45 бұйрығымен  көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісін тексерілетін тұлғаға табыс ету, көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылықты ұсыну, мемлекеттік кірістер органының мұндай қарсылықты қарау қағидалары мен мерзімдері, сондай-ақ оларға қатысты көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісі бойынша нормалар қолданылатын тексерілетін тұлғалардың санаттары бекітілді. Аталмыш бұйрық 2018 жылғы 6 наурыздан бастап күшіне енді.

Көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісі:

1) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің           (Салық кодексі) 130-бабының 3-тармағымен көзделген тізбеге енгізілген тексерілетін тұлғаларға;

2) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 285-бабына сәйкес инвестициялық келісім-шарттар жасасқан тексерілетін тұлғаларға жолданады. 

Көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық көшпелі кедендік тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органына көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісін алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде ұсынылады.

Жазбаша қарсылықты ұсыну күні болып көшпелі кедендік тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органының жазбаша қарсылықты қабылдаған және тіркеген күні табылады.

Бұл ретте, тексерілетін тұлға көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісіне бұрын берген жазбаша қарсылығын кері қайтарып алуға құқылы.

Көшпелі кедендік тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органы тексерілетін тұлғаның жазбаша қарсылығымен келіспесе, егер кедендік төлемдер мен салықтарды қосымша есептеу:

арнайы инвестициялық келісімшарттарда және (немесе) жер қойнауын пайдалану келісімшарттарында көзделген шарттар мен талаптарды қолдану;

Кодекстің 202-бабына сәйкес шартты түрде шығарылған тауарларды мақсатқа сай емес пайдалану бұзушылықтарының анықталуына  байланысты жүргізілген жағдайда, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне (бұдан әрі – Комитет) жазбаша сұрау салу жолдайды.

Бұл ретте көшпелі кедендік тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органы жазбаша қарсылықты алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Комитетке:

көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісінің;

тексерілетін тұлғаның жазбаша қарсылығының;

көшпелі кедендік тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органының ұстанымының;

кедендік төлемдер мен салықтарды есептеуге байланысты басқа да құжаттардың қоса берілуімен сұрау салу жолдайды.

Көшпелі кедендік тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасы көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылықты қарау кезінде, қажеттілігіне қарай тексерiлетiн тұлғаға және (немесе) уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға және (немесе) өзге ұйымдарға жазбаша нысанда қосымша ақпарат не жазбаша қарсылықта жазылған мәселелер бойынша түсіндірмелер ұсынуы туралы сұрау салулар жолдайды.

Комитет көшпелі кедендік тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органының сұрау салуын қарсылық берген тұлға өзінің аталған мән-жайларды растайтын талаптары мен дәлелдерін негіздеген мән-жайлар шегінде, сондай-ақ көшпелі кедендік тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органының ұстанымында көрсетілген дәлелдер мен негіздемелер шегінде қарайды.

Сұрау салуды қараудың қорытындысы бойынша Комитет сұрау салуда қойылған сұрақтар бойынша аргументтелген негіздемелерімен жауап жолдайды.

Көшпелі кедендік тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органы жазбаша қарсылықты қарау қорытындысы бойынша

1) жазбаша қарсылықпен толық немесе ішінара келіскен жағдайда, көшпелі кедендік тексеру актісінен жазбаша қарсылықта олар бойынша тексерілетін тұлғаның іс-әрекеттерінің заңдылығы туралы аргументтелген дәлелдер ұсынылған мәліметтерді алып тастау туралы;

 2) көшпелі кедендік тексеру актісінде тексерілетін тұлға жазбаша қарсылыққа қоса ұсынған құжаттардың тізбесін, сондай-ақ жазбаша қарсылықты қабылдамаудың аргументтелген дәлелдерін көрсете отырып, көшпелі кедендік тексеруді аяқтау туралы шешімдердің бірін қабылдайды.

қабылданған шешімді ескере отырып, көшпелі кедендік тексерудің аяқталуы бойынша көшпелі кедендік тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органы шешімді қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тексерілетін тұлғаға:

1) жазбаша қарсылықты қараудың қорытындысы бойынша қабылданған шешімдердің және оның негізінде аталған шешім қабылданған құжаттардың қоса берілуімен  көшпелі кедендік тексеру актісін;

2) тексеру нәтижелері туралы хабарламаны жолдайды.

белгіленген мерзімде жазбаша қарсылықты ұсынбаған немесе тексерілетін тұлғамен жазбаша қарсылық кері қайтарылған жағдайда, көшпелі кедендік тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органы жазбаша қарсылықты ұсыну мерзімі аяқталған немесе оны кері қайтарған күнінен бастап үш жұмыс күнінің ішінде тексерілетін тұлғаға:    

1) көшпелі кедендік тексеру тоқтатыла тұрған жағдайда, көшпелі кедендік тексеруді қайта жаңарту туралы хабарламаны;

2) көшпелі кедендік тексеру актісін;

3) тексеру нәтижелері туралы хабарламаны жолдайды.

 

Тарифтік реттеу және пост-кедендік бақылау басқармасы