Date of publication: 19.04.2018 10:07
Date of changing: 15.06.2018 13:38

Бұл арнаулы салықтық режимдер табыстар мен шығыстар есебін жүргізуге негізделген. Шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимін мынадай талаптарға сәйкес келетін:

1) арнаулы салық режимi үшiн салықтық кезеңдегі жұмыскерлердiң орташа тізімдік саны - 50 адамнан аспайтын;

2) арнаулы салық режимi үшiн салықтық кезеңдегі кірісі - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төмен жалақының 12 260 еселенген мөлшерінен аспайтын.

Тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші салық салынатын кірісті айқындау кезінде шегерімге жатқызылатын шығыстар сомасына осы Кодекстің 691-бабының 4-тармағында көзделген түзетулерді ескере отырып айқындалған кіріс сомасының 30 пайызынан аспайтын мөлшердегі тіркелген шегерім сомасын қосуға құқылы.

Бұл ретте осы баптың бірінші бөлігінің ережелерін қолданған жағдайда тіркелген шегерімді қоса алғанда, шегерімге жатқызылатын шығыстардың жалпы сомасы осы Кодекстің 691-бабының 4-тармағында көзделген түзетулер ескеріле отырып, кіріс сомасының 70 пайызынан аспауға тиіс.

 

Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы