Date of publication: 11.08.2015 17:45
Date of changing: 11.08.2015 17:46

2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы шартқа (бұдан әрі – Қосылу туралы шарт)2014 жылғы 23 желтоқсанда қол қойылды.

Қосылу туралы шарт Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде ратификация өткеннен кейін күшіне енеді.

Қазіргі уақытта Қосылу туралы шарттың күшіне енуіне қажетті мемлекетішілік рәсімдер аяқталу деңгейінде.

Қосылу туралы шарттың күшіне енуі туралы ақпарат Еуразиялық экономикалық комиссиясының ресми сайтында - www.eurasiancommission.org орналастырылатын болады.

Осыған байланысты, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік заңнамасының Қырғыз Республикасында қолданылуы Қосылу туралы шарттың күшіне енуі күнінен бастап енеді.