Date of publication: 26.08.2015 18:25
Date of changing: 26.08.2015 18:31

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитеті

 

 

                                                              

 

 

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі

салықтық әкімшілендіру

 

Құрметті Қырғыз Республикасының аумағынан  Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды импорттауды жүзеге асыратын салық төлеушілер!

2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразия экономикалық одағы туралы Келісім-шартқа сәйкес одаққа мүше елдердің бірінің аумағынан одаққа мүше елдің бірінің аумағына тауарларды импорттау кезінде, егер де өзге мүше елдің акциздік маркалармен маркалауға (есепке алу-бақылау маркалары, белгілер) жататын тауарларға қатысты заңнамамен белгіленбеген болса, жанама салықтарды оның аумағына тауар импортталатын мүше елдің салық органдары өндіреді.

Қырғыз Республикасын 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразия экономикалық одақ туралы Келісім шартқа қосу туралы Келісім 2015 жылғы 12 тамыздан бастап күшіне енді.

Қазақстан Республикасының аумағына Қырғыз Республикасының аумағынан тауарларды импорттау кезінде  салық төлеуші  тұрғылықты жері бойынша салық органына кезекті салық кезеңі айының 20-нан кешіктірмей қағаз түрінде және электрондық түрде импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар бойынша декларация тапсырады.

Салық төлеуші-импорттаушы декларациямен бірге салық органына тауарларды әкелу туралы өтініш және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті қағаз түрінде (төрт данада) және электрондық түрде ұсынуға міндетті.  Өтінішке  әкелу және жанама салықтарды төлеуді растайтын құжаттар (банктің жанама салықты нақты төлеу туралы көшірмесі, тауарға ілеспе құжаттар, келісім-шарттар, шот-фактуралар және т.б.) қосымша ұсынылады.  Декларация және өтінішті электрондық түрде ұсыну кезінде аталмыш құжаттар ұсынылмайды.

Декларацияны қағаз түрінде және электрондық түрде, өтінішті қағаз тасымалдағышта (төрт данада) және электрондық түрде тауарларды ҚҚС босату және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген тәртіппен төлеу тәсілі арқылы және  салықтөлеуші тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішке өзгерістер мен толықтырулар енгізу және  тауарлар есепке алынған айдың ішінде импортталған тауарларға бағаны өсіру жағына өзгерістер жағдайында Қырғыз Республикасының аумағынан импорттайтын тұлғалар ұсынады.

Қосымша ақпарат www. kgd.gov.kz мекенжайы бойынша сайтта жарияланған,  сонымен қатар аталмыш ақпаратты тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарында алуға болады.

                                                              

           

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитеті

 

Құрметті Қазақстан Республикасының аумағынан Қырғыз Республикасының аумағына тауарларды экспорттауды  жүзеге асыратын салық төлеушілер!

 

2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразия экономикалық одағы туралы Келісім-шартқа сәйкес тауарларды өзара сатудағы жанама салықтарды өндіру ҚҚС нөлдік ұтысын қолдануды және (немесе) тауарларды экспорттау кезінде акциздерді сатудан босату, сондай-ақ  импорт кезінде жанама салықтармен салық салуды көздейтін межелі ел қағидасы бойынша жүзеге асырады.

Қырғыз Республикасын 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразия экономикалық одақ туралы Келісім шартқа қосу туралы Келісім 2015 жылғы 12 тамыздан бастап күшіне енді.

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағынан мүше елдердің аумағына тауарларды экспорттауды растайтын негізгі құжат тауарларға арналған декларациялар (ТД) орнына тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы Өтініш (мүше елдің салық органының импорттаушының жанама салықтарды төлеуі туралы белгісімен) болып табылады.

Қырғыз Республикасының аумағына тауарларды экспорттау кезінде ҚҚС төлеуші салық органына ҚҚС бойынша декларациямен бірге тауар импорттаған қырғыз Республикасының салық төлеушісінен алынған қағаз тасымалдағыштағы тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы Өтінішті, сондай-ақ ҚҚС декларациясына қосымша болып табылатын көрсетілген өтініштер тізімін ұсынуы тиіс.

Көрсетілген Өтініш салық органына тауарларды экспорттау кезінде және шикізатты қайта өңдеу бойынша жұмыстарды орындаған жағдайда тауарларды сату бойынша айналымды жасау күнінен бастап 180 күнтізбелік ішінде ұсынылады.

Қағаз тасымалдағышта ұсынбаған кезде немесе Қазақстан Республикасының салық органына электрондық түрде түспеген жағдайда тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш көрсетілген мерзім ішінде, ҚҚС төлеуші салықты 12 % жарнасы бойынша төлеуге міндетті.

Қосымша ақпарат www. kgd.gov.kz мекенжайы бойынша сайтта жарияланған,  сонымен қатар аталмыш ақпаратты тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарында алуға болады.

               

 

                                                               Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

             Мемлекеттік кірістер комитеті