Date of publication: 31.05.2018 09:12
Date of changing: 31.05.2018 16:58

Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті келесіні хабарлайды.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы  12 қазандағы № 356-V Қ Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы Қазақстан Республикасы заңының 37 бабының 3 тармағына сәйкес,
шот-фактураны электрондық нысанда мыналар жазып беруге міндетті:

1) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды іске асыру мақсатында қабылданған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда салық төлеушілер;

2) салықтық мониторингке жататын салық төлеушілер;

3) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес уәкілетті экономикалық оператор, кеден өкілі, кедендік тасымалдаушы, уақытша сақтау қоймаларының иесі, кеден қоймаларының иесі болып табылатын салық төлеушілер;

4) халықаралық жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын салық төлеушілер.

Шот-фактураларды жазып беру тәртібін бұзу, сондай-ақ тізбеге енгізілген тауарларды өткізуді есепке алу жүйесін бұзу бойынша әкімшілік жауапкершілік «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кдекстің 280-1 бабымен қарастырылған

1. Салық төлеушінің шот-фактураны электрондық нысанда жазып бермеуі – ескерту жасауға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет – шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Салық төлеушінің мерзімді бұза отырып, шот-фактураны электрондық нысанда жазып беруі –  ескерту жасауға әкеп соғады.

4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет – шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. Тауарларды өткізудің есепке алу жүйесін бұзып, тізбеге енгізілген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге әкету кезінде рәсімдеу көзделетін, мемлекеттік кіріс органдарының мөрімен куәландырылған тауардың ілеспе құжаттарының болмауы – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –  бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.