Date of publication: 04.07.2018 18:31
Date of changing: 04.07.2018 18:32

Құрметті СЭҚ қатысушылар!

 

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2018 жылғы 01 маусымнан Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 496 бұйрығымен бекітілген "АСТАНА-1" ақпараттық жүйесінде электронды нысанда кедендік декларациялау кезінде тауарларға арналған декларациялардың бағандарын толтыру ерекшеліктері қолданысқа енгізілгенін хабарлайды.

"Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінде көзделген кедендік рәсімдермен орналастыру кезінде "АСТАНА-1" ақпараттық жүйесінде электронды нысанда кедендік декларациялау бойынша пилоттық жобаны жүргізу кезеңіне көрсетілген Ерекшеліктер  2018 жылғы 1 қаңтардан бастап, туындаған құқықтық қатынастарға таратылады және 2018 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болады.

                                                                                               Кедендік бақылау басқармасы