Date of publication: 04.07.2018 18:45
Date of changing: 09.07.2018 10:04

Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар бақылау-касса машиналары мiндеттi түрде қолданыла отырып жүргiзілетінің хабарлайды.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 167 бабының 1 тармағына сәйкес 2018 жылдың 1 қаңтарынан Қазақстан Республикасы аумағында салық органдарында тіркеуге тек қана деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары (әрі қарай – ДТФ-мен БКМ) пайдаланатын жері бойынша салық органдарында есепке алынады.

2018 жылы деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясыз БКМ тіркеу тек қана  ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ жерлерде орналасқан салық төлеушілерге қолданылады.       Аумағында ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктері туралы ақпарат (https://kgd.gov.kz/ru) ҚР ҚМ МКД сайтында орналасқан.

Мемлекеттік кірістер органдарында 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін тіркелген СДТФ-мен БКМ-ы 2024 жылға дейін қолданылады.

Ашық сауда базарларында аумағындағы стационарлық емес сауда объектілері арқылы шағын бизнес субъектiлерi үшiн арнаулы салық режимi шеңберiнде жұмыс жасайтың кәсіпкерлер 2019 жылдың 1 қаңтарынан БКМ қолдану міндетті, ал 2020 жылдан бастап БКМ қолдану міндеті патент негізінде кәсіпкерлікті жасайтын салық төлеушілерде пайда болады.

Бақылау кассалық машинаны қолданудан жалтару ҚР заңнамасымен әкімшілік жауаппкершілікке тартылады.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 284 бабының 2 және 3 тармағына сәйкес сауда операциялары, қолма-қол ақша арқылы жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету кезінде жүргізілетін ақшалай есеп айырысуды Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыру кезінде бақылау-кассалық машиналарды қолданбау сондай-ақ ақаулы болып табылатын немесе пайдалану орны бойынша мемлекеттік кіріс органының есебінде тұрмаған бақылау-кассалық машиналарды қолдану -  ескерту жасауға әкеп соғады.

Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –     жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.