- Departments by region
- Astana
- Almaty
- Ulytau Region
- Zhetysu Region
- Шымкент
- Abay region
- Akmola region
- Aktobe region
- Almaty region
- Atyrau region
- East Kazakhstan region
- Zhambyl region
- West Kazakhstan region
- Karagandy region
- Kostanay region
- Kyzylorda region
- Mangistau region
- Pavlodar region
- North Kazakhstan region
- South Kazakhstan region
Date of publication: 11.07.2018 15:48
Date of changing: 11.07.2018 15:49
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті 2018 жылғы 05 шілдеде АСТАНА-1 АЖ-де тауарларды уақытша сақтаудың электрондық әдісі іске қосылғандығын хабарлайды.
АСТАНА-1 АЖ-де әзірленген «Тауарларды сақтау құжаты» функционалы тауарларды уақытша сақтау орындарының иелеріне шынайы уақыт режимінде сақтауда орналасқан тауарлардың шығаруын қадағалауға, сонымен қатар транзиттік декларациялардың жабылу және тауарларға арналған декларациялардың шығарылу ақпараттарын қарауға мүмкіншілік береді.
Сонымен қатар, тауарларды уақытша сақтаудың электрондық әдісі СЭҚҚ тауарларды уақытша сақтау орындарынан кеден органдарының белгілері бар декларацияларды бермеуге мүмкіншілік береді және СЭҚҚ мен кеден органдарының лауазымды тұлғалар арасындағы тікелей байланысты жояды.
Сондай-ақ, УСҚ иелерінде АСТАНА-1 АЖ тауарлардың шығарылуына дейінгі сақтау есеп жүйесін жүргізуге мүмкіншіліктері болады.
Кеден органдарымен қабылданған кеден процесстер шаралары бизнес үшін қолайлы жағдайлар жасау үшін бағытталған.