Date of publication: 30.07.2018 11:55
Date of changing: 30.07.2018 11:58

Мемлекеттік қызмет көрсетуді жетілдіру мақсатында 2016 жылдан бастап Мемлекеттік кірістер комитеті банктардың онлайн режимде «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы бюджетке төлеумен байланысты жүргізілген төлемдер және ақша аударымдары туралы мәліметтер және ақпаратты беру механизмін іске қосты.

Мұның нәтижесінде мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесіндегі төлемдер туралы мәліметтерді беру мерзімі 2-3жұмыс күнінен бірнеше минутқа қысқартылды.

Аталмыш механизм бюджетке төленген салықтық және кедендік төлемдерді жедел растау, тауарларды шығару кезінде төлемді растайтын құжаттарды ұсыну талаптарын жою, салық төлеушілердің жеке шоттарына төлемдерді уақытылы және мекенжайға орналастыру мақсатында іске қосылған.

Осылайша, салықтық борыштар немесе кедендік төлемдер және салықтар бойынша борыштар болған жағдайда, төлемдер жүргізуге мүмкіндік бар және сол күні бересінің өтелген сомасын ескере отырып борыштардың жоқ екендігі туралы мәлімет алуға болады.

Сонымен қатар, СЭҚҚ және олардың өкілдерінің назарына, үшінші тұлғалар (филиалдар үшін, т.б.) үшін кедендік төлемдер төлеген жағдайда, төлем тапсырмалары қалай толтырылатынын жеткіземіз. Төлем тапсырмасын толтыру кезінде, «Назначение платежа» бағанына «Декларант:ИИН(БИН)ZZZZZZZZZZZZ» көрсету қажет. Бұл ретте, егер төлем тапсырмасында тіпті артық бос жол болса, онда АСТАНА-1 АЖ төлемдер төлемді жіберушіге таратылады. Мұның тек қана кедендік төлемдер төлеуге қатысты екенін, үшінші тұлғалар үшін салықтық төлемдер жүргізілмейтінін Сіздің назарыңызға жеткіземіз!

Сонымен қатар, кедендік төлемдерді төлеу кезінде «Получатель» бағанында  ресімдеу орны бойынша емес, СЭҚҚ тіркеу есебі орны бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасын (бұдан әрі - МКБ) көрсету қажет. Тиісінше, төлемдерді қате төлеген кезде, тауарларға арналған декларациялар шығарылмайды.

«Бюджетпен есеп айырысу жағдайы туралы жеке шоттан көшірмені» МКК веб-қосымшасы арқылы «Салық төлеуші кабинеті» және egov.kz  электрондық үкімет порталынан алуға болатынын атап өту қажет.

 «Салық төлеуші кабинеті» веб-қосымшасы арқылы жеке шоттан көшірмені алу үшін мынадай әрекеттер жасау қажет: ЭСҚ бойынша кіру- жеке шоттан көшірмені таңдау-Мемлекеттік кірістер басқармасын таңдау-кезеңді көрсету-жеке шоттан көшірмені ашу. Осыған ұқсас жеке шотты таңдауға және алуға болады.

egov.kz  электрондық үкімет порталынан жеке шоттан көшірмені алу үшін мынадай әрекеттер жасау қажет: порталда белсендірілу-өтінімді толтыру-оны ЭСҚ қол қою-жеке шоттан көшірмені ашу.