Date of publication: 07.10.2015 15:44
Date of changing: 07.10.2015 15:50

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті (Қостанай қаласы, Гоголь көшесі, 183 үй, индекс 110003, анықтама үшін телефондар: 8(7142)-53-56-09, факс: 53-67-93, электрондық поштаның мекен-жайы taxkostanay.kz), Экономикалық тергеу қызметіне бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

Профилактикалық жұмыс және бақылау басқармасы криминалистік бөлімінің  бас маманы - аға тергеуші (C-GDO-5 санаты) (1 бірлік)

            Функционалдық міндеттері: сотқа дейінгі өндіріс (тергеу), жедел-іздестіру іс шаралары және тексерістер шеңберінде криминалистік және арнайы зерттеу түрлерін (білімі, біліктілігі, сондай-ақ болған жағдайда тиісті рұқсатқа байланысты) жүргізу. Жүргізілген зерттеудің толықтығын тексеру, қорытындылардың ғылыми негізділігін,  алынған ақпараттың дұрыстығын, қорытындыны ресімдеу сапасын тексереді, бекітілген әдістеме және зерттеу мерзімдерін сақтайды, фото суретке түсіруді, дактилоскопиялауды, дауыс жазу, күдіктілерді, күдікті тұлғаларды  бейне түсіруді, зерттеу және  криминалистік, арнайы есепке алу үшін үлгілерді іріктеуді, криминалистік және арнайы есепке алуды қалыптастыру және жүргізу (жалған банкноталардың деректер банкі, дактилоскопиялық есепке алу, АИПС «Образ++», бейне – дыбыс есепке алу);  соттық-тергеу тәжірибесі және оң тәжірибе негізінде әдістемелік ұсыныстар және Экономикалық тергеу қызметінің құзырына жататын қылмыстық істерді тергеу кезінде криминалистік және арнайы зерттеу түрлерін жүргізуді ұйымдастыру бойынша нұсқаулар әзірлеу.

С-GDO-5  - бас маман - аға тергеуші санаты бойынша конкурстың барлық қатысушыларына талап: жоғары кәсіби, өнеркәсіптік-азаматтық құрылыс, нақты лауазымның функционалдық бағыттарына  сәйкес келетін білім. Құқық қорғау, арнайы мемлекеттік органдар немесе әскери қызметте екі жылдан кем емес қызмет өтілі, немесе мемлекеттік органда төрт жылдан кем емес еңбек өтілі, немесе аталмыш санаттың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда бес жылдан кем емес еңбек өтілі.  Аталмыш лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үші міндетті білім, біліктілік және дағдылардың болуы. Құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығы.

Талаптар:

1.         ҚР «Құқық қорғау органдары туралы» Заңын 6 бабы 1 және  2 тармақтарына, 10 бабында көрсетілген талаптарға сай келу.

2.         «Ішкі істер органдарындағы қызмет үшін адамдардың денсаулығы жай-күйінің сәйкестігіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 31 наурыздағы №132 бұйрығымен белгіленетін құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылықтың тиісті санаты.

3.         Қазақстан Республикасының Конституцияның, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін, Қазақстан Республикасының Қылмыстық процессуалдық кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін, «Мемлекеттік қызмет туралы», «Мемлекеттік қупиялар туралы» «Сыбайлас жемкорлыққа қарсы күрес туралы», «Құқық қорғау қызметі туралы», «Жеке және занды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Заңдарды және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін білу. Полиграфологиялық зерттеу және басының құзыреті бойынша тестілеуден міндетті түрде өту қажет.

Лауазымдық жалақасы Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебіненн қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің біраңғай жүйесі туралы» 2004 жылғы 17 қантардағы №1284 Жарлығына сәйкес белгілетін болады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі – конкурс жүргізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде.

Құжаттарға қабылдау орыны: Қостанай қаласы, Гоголь көшесі 183 ұй, мемлекеттік кірістер Департаменінің ғимараты.

Қонкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурсты өткізін жатқан мемлекеттік кірістер органының кадрлар қызметіне қолма-қол немесе пошта арқылы қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесін көрсете отырып, құжат тігілетін папкаға салынған мына құжаттарды ұсынады:

Қажетті  құжаттардың тізбезісі сіз мына мекенжай бойынша ала аласыз:

Қостанай қаласы, Гоголь кошесі, 183, Мемлекеттік кірістер департаментінің ғимараты, персоналмен жұмыс бөлімі.