Date of publication: 15.08.2018 12:49
Date of changing: 15.11.2018 10:27

 «100 нақты қадам Ұлт жоспарының» 42-қадамының шеңберінде 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке тұлғалардың табыстарын жалпыға бірдей декларациялаудың енгізіледі»-деп атап өтті Қостанай облысы бойынша МКД бас маманы Ерменов Б.У«КН» радиосының эфирінде.

Жалпыға бірдей декларациялау жүйесін енгізудің мақсаты – көлеңкелі экономикаға және сыбайлас жемқорлыққа көріністеріне қарсы тұру үшін жеке тұлғалардың кірістері мен мүліктерін тиімді бақылау жүйесін құру болып табылады.

Жаңа жүйені енгізу салықтық әкімшілендіруді барынша қамтуға мүмкіндік береді және салықтарды толық төлеуді қамтамасыз етеді.

2020 жылы Декларацияны тапсырады:

▪ Қазақстан Республикасының кәмелетке толған азаматтары,

оралмандар және тұруға ықтиярхаты бар адамдар;

▪ кәмелетке толмағандар - егер оларда мүлік тіркелсе немесе табыс алса;

▪ шетелдіктер - Қазақстан Республикасының аумағында меншігі немесе үлесі болған кезде.

Жалпыға бірдей декларациялауды енгізу кезінде 250.00 нысанды «Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы» бастапқы декларация тапсырылады, онда 2019 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша жеке тұлғалардың мүлкі, дебиторлық және несиелік берешегі, шетелдік банктерде ақшалай қаражаттардың болуы және банктік мәліметтер көрсетілуі тиіс.

Бұдан басқа, жеке тұлға мәдени құндылықтар, зергерлік бұйымдар, биологиялық активтер түрінде басқа да мүлікті көрсете алады.

Салық заңнамасында декларацияны ұсынудың екі мерзімі қарастырылған:

  1. қағазда жүзінде ұсынылған жағдайда – келесі есепті күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың  15 шілдесінен кешіктірілмей;
  2.  электронды түрде ұсынылған жағдайда – келесі есепті күнтізбелік жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірілмей.

Әрі қарай табыстың және мүліктің декларациясы жыл сайын толтырылатын болады, ол 2 нысан бойынша қарастырылған - 270.00 кеңейтілген нысаны, 260.00 қысқаша нысаны.

Кеңейтiлген декларацияда жыл ішіндегі пайда болған және шығысталған табыстар,  салықтық шегерiмдер, жылжымайтын мүлiк, көлiк, бағалы қағаздар, меншiктi капитал, инвестициялық алтындар, туынды қаржы құралдары сатып алу фактілері (өтеусіз алу) немесе иелiктен шығарылғаны (өтеусіз беру) көрсетіледі.

Кіріс пен мүлік туралы қысқаша декларация (1-ші бетте) зейнеткерлер, студенттер мен қызметкерлерге беріледі. Осылайша, бір жыл ішінде басқа ешқандай табыс алынбағанын растады.

Департаменттің баспасөз-қызметі