Date of publication: 16.11.2018 09:52
Date of changing: 16.11.2018 09:56

     Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті (одан әрі - Департамент) барлық қызмет алушыларға көрсетілетін қызметтерді «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация» КЕҚ-ы (одан әрі - ХҚК) арқылы алу мүмкіндігі туралы еске салады.

Барлығы ХҚК арқылы 25 мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетіледі, тізім қосымша жолданады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерден бас тартуларға әкелетін қателерді азайту мақсатында, Департаментпен және аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларымен ХҚК қызметкерлерімен оқу семинарлары жүргізілді.

Қызмет алушылардан өтініштерге қоса құжатқа міндетті қосымшалардың  түрлерін қабылдау туралы мысалдар келтірілді.

Әр мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша жадынамалар әзірленді, оларда қызметтердің көрсету мерзімдері, қызметтерді көрсетулерден бас тарту туралы негіздері, құжатқа міндетті қосымшалары көрсетілген. Жадынамалар ХҚК қызметкерлеріне ұсынылды.  

Бұдан басқа, артық құжаттарды талап етуді болдырмауға, Мемлекеттік көрсетілетін стандартқа сәйкес қызметтерді көрсетуге назар аударылды.

ХҚК арқылы көрсетілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізілімі:

р/н

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің атауы

Өтініштер қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдардың атаулары және (немесе) "электрондық үкіметтің" веб-порталын көрсету

1

Жеке практикамен айналысатын адамды тiркеу есебi

Мемлекеттік корпорация, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарындағы ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдары, "электрондық үкіметтің" веб-порталы

2

Салық төлеушілерді тіркеу

Мемлекеттік корпорация, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарындағы ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдары, "электрондық үкіметтің" веб-порталы

3

Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі

Мемлекеттік корпорация, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарындағы ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдары, "электрондық үкіметтің" веб-порталы

4

Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндірушілерге (импорттаушыларға), сондай-ақ акцизделетін өнімдердің кейбір түрлерін, авиациялық отын мен мазут өндірушілер мен импорттаушылардың тауарларына дербес сәйкестендіру нөмірін (ДСН-код) беру

Мемлекеттік корпорация, Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық органдары

5

Темекі өнімдерінің өндірісіне лицензия беру

Мемлекеттік корпорация, ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті, "электрондық үкіметтің" веб-порталы

6

Этил спиртінің өндірісіне лицензия беру

Мемлекеттік корпорация, ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті, "электрондық үкіметтің" веб-порталы

7

Алкоголь өнімінің өндірісіне лицензия беру

Мемлекеттік корпорация, ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті, "электрондық үкіметтің" веб-порталы

8

Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға және көтерме саудада сатуға лицензия беру

Мемлекеттік корпорация, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық органдары, "электрондық үкіметтің" веб-порталы

9

Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға және бөлшек саудада сатуға лицензия беру

Мемлекеттік корпорация, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық органдары, "электрондық үкіметтің" веб-порталы

10

Есебі мемлекеттік кірістер органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәлiметтердi беру

Мемлекеттік корпорация, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарындағы ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдары, "электрондық үкіметтің" веб-порталы

11

Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістердің және ұстап қалған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтама беру

Мемлекеттік корпорация, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарындағы ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдары

12

Қазақстан Республикасының резинденттігін растау

Мемлекеттік корпорация, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық органдары, "электрондық үкіметтің" веб-порталы

13

Салықтық есептілікті ұсынуын тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау)

Мемлекеттік корпорация, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарындағы ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдары, "электрондық үкіметтің" веб-порталы

14

Салықтық есептілікті қабылдау

Мемлекеттік корпорация, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарындағы ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдары, "электрондық үкіметтің" веб-порталы

15

Салықтық есептілікті кері қайтарып алу

Мемлекеттік корпорация, ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті, ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті аумақтық органдары, "электрондық үкіметтің" веб-порталы

16

Салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұл мен айыппұлдарды есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу

Мемлекеттік корпорация, ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті аумақтық органдары, "электрондық үкіметтің" веб-порталы

17

Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту

Мемлекеттік корпорация, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарындағы ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдары

18

Еуразиялық экономикалық одаққа тауарларды экспорттау (импорттау) кезінде салық нысандарын қабылдау

Мемлекеттік корпорация, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарындағы ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдары,"электрондық үкіметтің" веб-порталы

19

Әкімшінің (уақытша әкімшінің, оңалтушы, уақытша және банкроттықты басқарушының) қызметін жүзеге асыру құқығына үміткер адамдардың біліктілік емтиханын өткізу

Мемлекеттік корпорация, ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті, "электрондық үкіметтің" веб-порталы

20

Тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешім қабылдау

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық органдары

21

Тауарларды жіктеу туралы алдын ала шешім қабылдау

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық органдары

22

Белгілі бір уақыт кезеңі ішінде әртүрлі тауар партияларымен әкелінуі болжанатын, құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жасақталмаған немесе жасалынып бітпеген түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімді беру

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық органдары

23

Өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне нгізу

Мемлекеттік корпорация

24

Кедендік әкелу баждарын төлеу мерзімдерін өзгерту

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық органдары

25

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінен және (немесе) олардың аумақтық бөлімшелерінен шығатын ресми құжаттарға апостиль қою