Date of publication: 26.11.2015 15:30
Date of changing: 26.11.2015 15:31

Wipon мобильді қосымшасын көрсету

 

   Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2015 жылғы 24 қарашада «НОРМА» супермаркетінің қызметкерлеріне және сатып алушыларына заңсыз алкоголь өнімдерін анықтау үшін арналған Wipon мобильді қосымшасы көрсетілді.

Еске салар болсақ, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлі Мемлекеттік кірістер комитеті алкоголь өнімдерінің көлеңкелі айналымын азайту мақсатында, Wipon (Вайпон) компаниясымен бірлесіп, заңсыз алкоголь өнімдерін анықтау үшін мобильді қосымшасын іске қосты.

Акциздік маркаларды сканерлеп болғаннан кейін қосымшада алкоголь өнімінің түпнұсқалығы туралы ақпарат көрсетеді. Тауарлардың заңсыз болу мүмкіндігі туралы мәліметтері бар  сканерленген барлық деректер нақты уақыт режимінде Комитетке жіберіледі.

Қазірдің өзінде Wipon атты қосымшаны IOs, Android және WindowsPhone үшін жүгінуге болады.