Date of publication: 27.11.2015 17:49
Date of changing: 27.11.2015 17:50

Тауарлар және көлік құралдары туралы 2015 жылғы 1 желтоқсандағы Өзбекстан Республикасы мемлекеттік кеден қызметі органдарының міндетті электрондық ақпараттауды енгізуге қатысты

 

«14» қараша 2015 ж.                                                                        № 02-04/7-4346

Өзбекстан Республикасының Мемлекеттік кедендік комитеті  Өзбекстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 қазандағы № 307 Қаулысына сәйкес, 2015 жылғы 1 желтоқсаннан бастап автомобиль көлігімен Өзбекстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар және көлік құралдары туралы мемлекеттік кеден қызметі органдарын алдын ала электронды ақпараттандыру тәртібі енгізілетінін хабарлайды.

         Жоғарыда көрсетілген Өзбекстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес:

         мүдделі тұлғалар автомобиль көлігімен Өзбекстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін (соның ішінде транзит шартымен), тауарлар және көлік құралдары туралы алдын ала электронды ақпараттандыру кезінде Өзбекстан Республикасының мемлекеттік кеден қызметі органдарына ұсынылатын мәліметтерді (бұдан әрі - алдын ала электронды ақпарат) автомобиль көлігімен Өзбекстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарларды және көлік құралдарды өткізгенге дейін немесе өткізіп жатқан уақытта дүниежүзілік Интернет ақпараттық желісі арқылы мемлекеттік кеден қызметі органдарының алдын ала электронды ақпараттандырудың автоматтандырылған жүйесіне (бұдан әрі – автоматтандырылған ақпараттық жүйе) жолдаулары мүмкін;

         мүдделі тұлғалар алдын ала электронды ақпараттың тауарға арналған ілеспе құжаттарда көрсетілген мәліметтерге сәйкес келмеген жағдайда, автомобиль көлігімен Өзбекстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарларды және көлік құралдарды өткізген (соның ішінде транзит шартымен) уақытта алдын ала электронды ақпаратты автоматтандырылған ақпараттық жүйеге жолдаулары мүмкін;

         алдын ала электронды ақпараттың бар болуы автомобиль көлігімен Өзбекстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарлардың және көлік құралдардың өткізілуіне (соның ішінде транзит шартымен) қатысты кедендік бақылау нысандарын қолдану туралы шешімді қабылдау кезінде ескеріледі;

         автомобиль көлігімен Өзбекстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарларды және көлік құралдарды өткізген (соның ішінде транзит шартымен) кезде мемлекеттік кеден қызметі органдары алдын ала электронды ақпараттың олардың тауарға ілеспе құжаттарда көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуіне тексеруді жүзеге асырады;

         алдын ала электронды ақпараттың бар болуы және оның тауарға ілеспе құжаттарда көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуі кезінде, кедендік бақылау және ресімдеу мемлекеттік кеден қызметі органдарына тауарға ілеспе құжаттарды ұсынған кезден бастап бір сағат ішінде жүзеге асырылады;

         мүдделі тұлғалардың алдын ала электронды ақпаратты ұсынбаған немесе оның тауарға ілеспе құжаттарда көрсетілген мәліметтерге сәйкес келмеген жағдайда, мемлекеттік кеден қызметі органдары автомобиль көлігімен Өзбекстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарларды және көлік құралдарды өткізген (соның ішінде транзит шартымен) уақытта автоматтандырылған ақпараттық жүйеге қажетті мәліметтердің енгізілуін өз бетінше жүзеге асырады.