Date of publication: 28.11.2015 09:34
Date of changing: 28.11.2015 09:34

ДСҰ-ға енуден күтілетін болжамдық оң нәтижелер

 

Дүниежүзілік сауда ұйымының ерекшелігі сауданың халықаралық ережесін және аталмыш ұйымға мүше елдердің өзара пайдалы жағдайлары, ашықтық және тең құқығына негізделген еркін сауда шарттарын қамтамасыз ету үшін тәртіптік шараларды құру болып табылады.

Ашық сауданың сауда саясаты шағын ішкі нарығы бар және дамыған әлемдік нарыққа мұқтаж Қазақстан үшін жан-жақты қажет.

Халықаралық құқықта негізделген ДСҰ шарттары Қазақстанға пайдалы ішкі мүмкіндіктерді пайдалана отырып, сауда серіктестіктерімен жарыса өзінің бәсекеге қабілеттілігін көрсетуге мүмкіндік береді.

Кез-келген елдің ДСҰ-ға енуі нақты артықшылықтарды алу, сондай-ақ ДСҰ мақсаттары және қағидаларына сәйкестілік болып табылады.

 

            Қазақстан үшін олар мыналардан тұрады:

        

-      Қазақстан,  оның дамуына ықпал ететін әлемдік шаруашылық және әлемдік құрылымға интергацияланған ашық нарықтық экономикасы бар ел болып мойындалғаннан басқа, ол автоматты түрде ДСҰ басқа мүшелеріне қатысты үлкен қолайлы режим- ҮҚР алады.

-      Қазақстан сондай-ақ өз тауарларын тасымалдау үшін қосымша және пайдалы жолдарға ие болады. Бұл әсіресе Қазақстанның ішкі саудасын  өңдеу өндірісті  отандық тауарлармен дамытуға маңызды.

-      Қазақстанның  ДСҰ-ға енудегі қысқа және орта жедел перспективасында инвестицияларды тарту, ең алдымен, өңдеу өндірісіне және жоғары технологиялық өндірісті дамыту мыңызды.

-      Қазақстан үшін маңызды орынды сауда даудамаларына қатысты ДСҰ режимі, әсіресе Қазақстанның экспорттық тауарларына қатысты қолданылатын антидемпингтік даудамалар ұсынады және ДСҰ көзделген рәсімдер шеңберінде сауда-саясат даудамаларын әділ негізде шешуге мүмкіндік береді.

-      ДСҰ-ға кіру арқылы Қазақстан ұлттық мүдделерді басшылыққа ала отырып, әлемдік сауданы реттейтін нормаларды әзірлеуге қатысуға құқық алуға мүдделі.

-      Сыртқы экономикалық саясат және үкіметтің, ДСҰ мүше елдердің ниеттері  туралы жедел ақпаратқа қол жетімділікке мүмкіндік болады  және ақырында одан да нәтижелі сауда саясатын жүргізуге  мүмкіндік береді.

-      Ішкі нарықта алдыңға қатарлы технологиялар, тауарлар, қызметтер және инвестициялар нәтижесінде сапаны және бәсекеге қабілеттілікті арттыру, халықаралық сапа стандарттарын енгізу.

Импорттың кеңеюіне байланысты тұтынушы тауарлардың әртүрлігіне және төмен бағаға қол жетімді болады.