Date of publication: 08.12.2015 18:40
Date of changing: 08.12.2015 18:41

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті (бұдан әрі - Департамент) 2015 жылғы 3 желтоқсанда кедендік, еркін, өз тауарларын сақтау қоймаларының, уақытша сақтау қоймаларының иелерімен «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді.

Дөңгелек үстел отырысында мемлекеттік кірістер органдарының кеден ісі саласында қызмет ететін тұлғалармен өзара қарым-қатынасына қатысты бірқатар мәселелер қаралды, сондай-ақ кеден ісі саласында қызмет ететін тұлғалардың назарына нормативтік-құқықтық актілерге жеке өзгерістер және толықтырулар жеткізілді.

«Дөңгелек үстел» отырысында қаралған нормативтік құжаттың бірі Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылғы 8 мамырда №10996 тіркелген және 23.06.2015 жылы ресми жарияланған 2015 жылғы 31 наурыздағы №245 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік кірістер органдарының еркін қоймалар иелірімен өзара қарым-қатынасын орнату ережелері»  болып табылады.

Аталмыш ереже бірінші рет ресми жарияланған күні – 2015 жылғы 03 шілдеден бастап он күнтізбелік күннен соң қолданысқа енгізілді.

Ережелерге сәйкес, көрсетілген күннен бастап заңды тұлға Тізімге енгізу немесе қайта жаңғырту үшін қойманың орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарының аумақтық органына арыз береді.

Қазіргі уақытта Департаменттің қызмет аймағында қалыптасқан еркін қойма иелеріне  өз кәсіптерін Ереже талаптарына сәйкестендіру қажет және қойма орналасқан орны бойынша Ережеге 1-қосымшаға сәйкес заңнамамен белгіленген мерзімде мемлекеттік кірістер аумақтық органына – Департаментке  арызбен жүгінуге және қажетті құжаттар тізімін ұсыну қажет.

Сондай-ақ, бекітілген кестеге сәйкес 2015 жылға кедендік бақылаудың нәтижелері шығарылды, аталмыш мерзім ішінде кеден ісі саласында ешқандай бұзушылықтың болмағанын атап өткен жөн.

Қорытындылай келе, кедендік, еркін, өз тауарларын сақтау қоймаларының, уақытша сақтау қоймаларының иелері мемлекеттік кірістер органдарының кеден ісі саласында қызмет ететін тұлғалармен өзара қарым-қатынасына қатысты жеке мәселелерді қарауға белсене қатысқанын ерекше атауға болады.