Date of publication: 28.03.2019 15:49
Date of changing: 28.03.2019 15:51

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасында ҚҚС бақылау шотын пайдалану арқылы ҚҚС асып кету сомасын қайтарудың оңтайландырған механизмі енгізілді.

Оның ішінде ҚҚС асып кету сомасын ҚҚС бақылау шотын пайдалану арқылы келесі салықтөлеушілердің қайтара алады:

1) сатып алынған (алынған) тауарларды (лизинг нысаналарын) басқа тауарларды өндіруде пайдаланатын салық төлеушілер құқылы. Сатып алынған (алынған) тауарлардың (лизинг нысандарының) тізбесін уәкілетті органмен және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп бекітеді.

      Осы тармақшада көрсетілген сатып алынған (алынған) тауарлар (лизинг нысаналары) сатып алынған (алынған) күннен бастап екі жыл ішінде одан әрі өткізілуге жатпайды;

      2) тауарларды экспортқа өткізетін;

      3) халықаралық ұшуларды, халықаралық әуе тасымалдарын орындайтын шетелдік авиакомпанияларға әуе кемелеріне құю үшін жанар-жағар май материалдарын өткізетін;

      4) салық төлеуші өзі өндірген немесе қайта өңдеу мақсатында меншігіне сатып алған шикізаттан өндірілген тазартылған алтынды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне өткізетін;

       5) арнайы экономикалық аймақтар құру мақсаттарына сай келетін қызметті жүзеге асыру кезінде толық тұтынылатын тауарларды арнайы экономикалық аймақ аумағына өткізетін салық төлеушілер құқылы.

 

Бақылау шоты – бұл Қазақстан Республикасы аумағындағы екінші деңгейлі банктерден салық төлеушілермен ашылған қосылған құн салығы бойынша төлемдердің қозғалысын есепке алу үшін пайдаланылатын банктік шот.   Оның ішінде:

Импортқа қосылған құн салығы және нерезидент үшін төлеммен қоса алғанда, бюджетке қосылған құн салығын төлеу;

Тауар жеткізушімен қосылған құн салығын төлеу;

Тауар сатып алушымен қосылған құн салығын төлеу;

ҚҚС төлеушісінің басқа банктік шотынан ақша түсімі;

Қосылған құн салығының сомасы бойынша есеп айырысу қосылған құн салығын төлеушілердің арасында бақылау шотын пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

Қаржы министрлігіменен АКФ "ПИТ", IBM и PwC бірге Blockchain технологиясын Қазақстан Республикасы заңнамаларына бейімдеп және әдістемелер, және де ҚҚС әкімшілендіру бойынша ақпараттық жүйеге техникалық міндеттемелер әзірлеу арқылы ҚҚС әкімшілендіруде пайдалану бойынша жұмыстар атқарылды.

Бірлесіп жұмыс істеудің мақсаты – салықтөлеушілердің қаржылық транзакцияларының тізбегін лезде қадағалауға мүмкіндік беретін орталықсыздандырылған мәліметтер базасын құру және оларға кепілдендірілген ҚҚС қайтару.

Blockchain технологолиясын пайдаланудың негізгі принципі ҚҚС қаржылық ағынын бақылау және нақты уақытта салық төлеушілердің салықтық міндеттемелерін орындаудың мөлдірлілігін қалыптастыру болып табылады. Осыны жүзеге асыруда ҚҚС төлеушілердің екінші деңгейдегі банктерде (ары қарай - ЕДБ) ашылған ҚҚС бақылау шоты қолданылатын болады.

Бүгінгі күні қаржы Министрлігімен жүйені пайдалануға қатысу үшін төрт ЕДБ келісімге қол жеткізілген, олар:

  •  «Қазақстанның халық банкі» АҚ Алматы қ.;
  •  «Евразия Банкі» АҚ Алматы қ.;
  •  «Цеснабанк» АҚ Астана қ.;
  •  «Forte bank» АҚ Астана қ.

ҚҚС бақылау шотын ашу және жүргізуге қалған банктердің қатысуы ағымдағы жылдың шілдесінен бастап жоспарлануда.

           

Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің

Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының

ҚҚС әкімшілендіру бөлімі