Date of publication: 29.03.2019 09:22
Date of changing: 29.03.2019 09:24

Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы «Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциздер мөлшерлемелерін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 173 қаулысына сәйкес бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциздер мөлшерлемелері бекітілгенің хабарлайды.

 

Р/с

1 тоннаға акциздер мөлшерлемелері (теңгемен)

Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда)
(ЕАЭО СЭҚ ТН коды
2710 12411 0-
2710 12590 0)

Дизель отыны
(ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2710 19310 0-
2710 19 480 0)

1

2

3

4

1.

Өндірушілердің өздері өндірген бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада өткізуі (маусым – қазан)

10 500

9300

2.

Өндірушілердің өздері өндірген бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада өткізуі (қараша – мамыр)

10 500

540

3.

Жеке және заңды тұлғалардың бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада өткізуі

0

0

4.

Өндірушілердің бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада өткізуі, өздерінің өндірістік қажеттілігіне пайдалануы (маусым – қазан)

11000

9360

5.

Өндірушілердің бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада өткізуі, өздерінің өндірістік қажеттілігіне пайдалануы (қараша – мамыр)

11000

600

6.

Жеке және заңды тұлғалардың бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада өткізуі, өздерінің өндірістік қажеттілігіне пайдалануы

500

60

7.

Импорт

10 500

540

8.

Салық кодексінің 462-бабының 5) тармақшасында көрсетілген алыс-беріс шикізатын өңдеу өнімі болып табылатын акцизделетін тауарларды беру (маусым – қазан)

10 500

9300

9.

Салық кодексінің 462-бабының 5) тармақшасында көрсетілген алыс-беріс шикізатын өңдеу өнімі болып табылатын акцизделетін тауарларды беру (қараша – мамыр)

10 500

540

      Бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) бөлшек саудада өткізген кезде көлемнің өлшем бірлігі литр болған жағдайда, литрден тоннаға көшіру мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

                        V х 0,730

                  М = --------------------, мұндағы:

                        1000

      М - өткізілген бензиннің (авиациялық бензинді қоспағанда) тоннамен есептегендегі көлемі;

      V - өткізілген бензиннің (авиациялық бензинді қоспағанда) литрмен есептегендегі көлемі;

      0,730 - бензиннің (авиациялық бензинді қоспағанда) барлық түрлері үшін тығыздық көрсеткіші, кг/литр.

      Дизель отынын бөлшек саудада өткізген кезде көлемнің өлшем бірлігі литр болған жағдайда, литрден тоннаға көшіру мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

 

                        V х 0,769

                  М = -------------------, мұндағы:

                        1000

      М - өткізілген дизель отынының тоннамен есептегендегі көлемі;

      V - өткізілген дизель отынының литрмен есептегендегі көлемі;

      0,769 - дизель отыны үшін тығыздық көрсеткіші, кг/литр.

      Ескертпе: тауар номенклатурасы ЕАЭО СЭҚ ТН кодымен және (немесе) тауардың атауымен айқындалады.

Қостанай  қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы