Date of publication: 29.03.2019 10:53
Date of changing: 29.03.2019 10:56

Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы «Қара және түсті металдар сынығы мен қалдықтарын тасымалдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 22 қазандағы № 719, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 23 қазандағы № 28 және Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 қазандағы № 928 бірлескен бұйрығына сәйкес  Қазақстан Республикасының аумағынан легирленген болаттың қалдықтары мен сынықтарын, тотығуға төзімді болатты (ЕЭО СЭҚ ТН кодтары 7204 21 100 0, 7204 21 900 0) және өзгелерін қоспағанда (ЕЭО СЭҚ ТН коды 7204 29 000 0), қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын (ЕЭО СЭҚ ТН кодтары 7204, 7404 00, 7602 00, 8548 10 210 0, 8548 10 290 0, 8548 10 910 0), сондай-ақ бұрын қолданыста болған және өз ресурсын тауысқан құбырларды, рельстерді, теміржол төсемдері мен жылжымалы құрамның элементтерін (ЕЭО СЭҚ ТН кодтарының 7302, 7303, 7304, 7305, 7306, 8607) автомобиль көлігімен әкетуге 2 жыл мерзімге  тыйым салынғанын хабарлайды.

 

Қостанай  қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы