Date of publication: 29.03.2019 11:18
Date of changing: 29.03.2019 11:21

2019 жылдың ақпаны мен наурыз аралығында Арқалық қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы және Полиция басқармасының қызметкерлерімен біріге отырып, көлік құралдарына салынатын салықтық берешегі бар тұлғалардан салықтық төлемдерді толығымен өңдіріп алу мақсатындағы рейдтік іс – шара әр апта сайын жүргізілуде. Іс шара барысында 2018 жылға берешегі бар 112 – ге жуық жеке тұлға 1550,5 мың.теңге сомасына анықталды. Анықталған борышкерлер рейд барысында 47 салық төлеуші 740,7 мың.теңге сомасында өндіріліп, қалған жеке тұлғаларға хабарлама берілді.

Арқалық қала тұрғындарына ескерте отырып, келеңсіз жағдайлар туындамау үшін көлік құралдарына салынатын салықтық төлемдерді уақытылы және 2018 жылғы берешектерін салық бұйрығына жеткізбей толығымен төлеу керек екендігін хабарланды.

Арқалық қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы