Date of publication: 11.01.2016 11:40
Date of changing: 11.01.2016 11:42

«Салық төлеушілерге бірыңғай бюджеттік сыныптамаға туралы

 

            Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы Сіздердің назарларыңызға келесі мәліметті жеткізеді.   

ҚР Қаржы министрінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы №577 Бұйрығымен Бірыңғай бюджеттік сыныптамаға өзгерістер енгізілген, бұйрық бойынша 2015 жылдың 1 маусымынан салық және кеден төлемдері бойынша бюджеттік сыныптама коды (әрі қарай-БСК) қысқартылды. Нәтижесінде, 2015 жылдың 1 маусымынан әрекеттегі 215 БСК қазіргі таңда 119 БСК бюджеттік сыныптама кодына қысқартылды, бұл әрекеттегі БСК жартысынан артығын құрайды, 96 БСК сақталады.   

БСК-ын  оңтайландыру, бюджетке төленетін салықтар мен төлемдерді, қате төлемдерді болдырмау, негізсіз айыппұлдарды есептеу, көп мөлшерде есептеу мен көрсетілетін қызмет сапасын жоғарлату жүйелерін оңайлату мақсатында жүргізілді.  

Мысалы, келесі БСК бойынша өзгертулер болды:                             

«Табыс салығы» 01 жіктелімі бойынша «Корпоративті табыс салығы» 1 кіші жіктелімі бойынша 2015 жылдың 1 маусымынан бұрын әрекетте болған 7 БСК орнына тек 2 ғана қолданылады, бұл:    101105 «Мұнай секторы ұйымдарының заңды тұлғаларынан корпоративті табыс салығы»;                                                                             

101110 «Мұнай секторы ұйымдарының түсімдерінен басқа, заңды тұлғаларынан корпоративті табыс салығы».     «Жеке табыс салығы» 2 жіктелімінен тек «Төлем көзінен салынатын шетел азаматтарының кірістерінен ұсталатын жеке табыс салығы» 101204 БСК қасқартылды. Аталған код бойынша түсім 2015 жылдың 1 маусымынан «Төлем көзінен салынатын кірістерден ұсталатын жеке табыс салығы» 101201 БСК есепке алынады.                                                                                               «Жеке меншікке салық» 04 жіктелімі бойынша БСК тізілімі елеулі қысқартылды. Мысалы, «Жер салығы» 3 кіші жіктелім бойынша әрекеттегі 8 атаудан қазір тек 2 бюджеттік сыныптама коды әрекет жасайды: «Елді мекен жерлеріне жеке тұлғалардан жер салығы» 104302 және «Елді мекен жерлеріне жеке тұлғалардан жер салығынан басқа, жер салығы» 104309.

Сонымен бірге, Сіз қай кезеңге салықтарды төлейтіндеріңізге қарамастан, төлем жаңа БСК бойынша жүргізілу қажет, әйтпеген жағдайда салық төлемдерінің өтпейтіндігіне Сіздердің назарларыңызды аударғымыз келеді!

      Ескеретін бір жағдай, 2015 жылдың 01 шілдесінен бастап салық төлеушілер келесі салық төлемдерін төлеу кезінде ең көп жіберетін қателер, яғни жаңа БСК бойынша:

БСК

01.07.2015ж. дейінгі әрекеттегі БСК атаулары

БСК

01.07.2015ж. бастап әрекеттегі БСК атаулары

105105

Кеден одағының бірыңғай кеден аумағын құрғанға дейінгі Ресей Федерациясының аумағынан шығарылатын және импортталатын тауарларға қосылған құн салығы

105113

Кеден одағының бірыңғай кеден аумағын құрғанға дейінгі Ресей Федерациясы мен  Беларусь Республикасының аумағынан шығарылатын және импортталатын тауарларға қосылған құн салығы

105108

Кеден одағының бірыңғай кеден аумағын құрғанға дейінгі Беларусь Республикасының аумағынан шығарылатын және импортталатын тауарларға қосылған құн салығы

105109

Ресей Федерациясының аумағынан әкелінетін кеден одағының тауарларына ҚҚС

105115

ЕЭО –қа мүше мемлекеттер аумағынан импортталған тауарларға қосылған құн салығы

105110

Беларусь Республикасының аумағынан әкелінетін кеден одағының тауарларына ҚҚС

            Мысалы, 105115 БСК-на (ЕЭО –қа мүше мемлекеттер аумағынан импортталған тауарларға қосылған құн салығы) төлеудің орнына, салық төлеушілер 105113 БСК-на (Кеден одағының бірыңғай кеден аумағын құрғанға дейінгі Ресей Федерациясы мен  Беларусь Республикасының аумағынан шығарылатын және импортталатын тауарларға қосылған құн салығы) қате есептеп қояды.

           Осыған байланысты, бюджетке төленетін төлемдері есептегенде аталған өзгерістерді назарларыңызда ұстауларыңызды сұраймыз, ал сомасын қате есептеген жағдайда, Сізге бюджетке төленетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді есептеу немесе артық (қате) төленген төлемдерді қайтару рәсімдерін жүргізу үшін мемлекеттік кірістер органдарына баруларыңыз қажет.

 

 

Қостанай қаласы   бойынша

мемлекеттік кірістер

басқармасының  басшысы

 С. Дөненбаев