Date of publication: 28.06.2019 09:07
Date of changing: 28.06.2019 09:09

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер  департаменті келесіні  хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 қараша айғы № 751  «Фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге және папиростарға  ең төмен бөлшек баға белгілеу туралы» қаулысына сәйкес Фильтрлі, фильтрсіз 20 (жиырма) сигаретке және папиростарға:

      1) 2018 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін үш жүз алпыс теңге;

      2) 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап 2019 жылғы 30 маусымды қоса алғанға дейін үш жүз сексен теңге;

      3) 2019 жылғы 1 шілдеден бастап 2019 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін төрт жүз теңге;

      4) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 30 маусымды қоса алғанға дейін төрт жүз жиырма теңге;

      5) 2020 жылғы 1 шілдеден бастап 2020 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін төрт жүз қырық теңге;

      6) 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 2021 жылғы 30 маусымды қоса алғанға дейін төрт жүз алпыс теңге;

      7) 2021 жылғы 1 шілдеден бастап 2021 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін төрт жүз сексен теңге;

      8) 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2022 жылғы 30 маусымды қоса алғанға дейін бес жүз теңге;

      9) 2022 жылғы 1 шілдеден бастап бес жүз жиырма теңге мөлшерінде ең төменгі бөлшек сауда бағалары белгіленсін.

Бөлшек саудада   фильтрлі, фильтрсіз сигареттерін  және папиростарын  бөлшек сауда бағаларынан төмен бағамен өткізуге тыйым салынады.