Date of publication: 28.06.2019 10:59
Date of changing: 28.06.2019 11:01

Ежелгі Қытайда, Конфуцийдің меритократикалық пікірі бойынша, билік басында ақылды және адамгершілігі мол билеуші болу қажет болған.  Осыған орай, оның оқуының жақтаушылары мемлекеттік лауазымға тағайындау үшін емтихан жүйесін енгізді.

Нәтижелеріне сәйкес, сынаудан өтпеген тұлғалардың шендері төмендетілді, ал лайықты тұлғалар лауазымдық сатысымен жоғарыға көтерілді. Еңбекқорлық пен қабілеттілік негізінде құрылған, жас жеткіншектер арасынан жоғары қызметтегі төрелер лауазымына ұсыну жүйесі Осман империясында  (XV-XVII ғ.а.) бар болған.

Меритократия, «лайықтылар билігі» қоғамдағы кісі орны оның тек қабілетттілігіне сай анықталады. Бұл, мемлекеттік қызметтің мамандар қорын ең талантты және келешегі бар тұлғалармен қамтамасыз ету, іріктеу және оларға қамқоршы болу. 

Бұл ретте, Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде Жакаева Гүлжанат Жоламанқызы өз мемлекеттік қызметін атқарды.

Гүлжанаттың еңбек жолы Қостанай облысы Науырзым ауданы бойынша салық басқармасының бас маманы ретінде 2006 жылы басталды. 2008 жылы Гүлжанат, осы басқарманың бөлім басшысы болып тағайындалды. 2011 жылы Қостанай қаласы бойынша салық басқармасынының бас маманы болып жұмыс орнын ауыстырды, 2012 жылы Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы ретінде  қызметін ауыстырды. 2019 жылы конкурстық іріктеуден өтіп, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің бас сарапшысы болып тағайындалды.

Ол, тамаша ата-анасынан алған тәрбиесі, тұрақты жетілу, еңбекқорлық негізінде осындай нәтижелерге жеткен.

Гүлжанаттың осы жетістіктермен шектелмей, алға ұмтыларына сенеміз, себебі ол мақсатты, жетілген, қайсар адам. Бұдан басқа, басшы негіздері бар жауапты маман.

Еңбекқор, алғыр және шабытты жас адамдарға өз қызмет жолдарын мемлекеттік кірістер органдарынан бастауды ұсыныс етеміз. Жакаева Гүлжанаттың үлгісінен, жауаптылық, өзін-өзі жетілдіру, креативтілікке нақты күш салу негізінде, нәтижелерге жетуге болатынын көруге болады. Жас және талантты адамдар әр уақытта ұжым тарапынан қолдауды табады.

 

ЖОО түлектері біз сіздерді күтеміз!

 

 

Қостанай облысы бойынша МКД

Мемлекеттік қызметтер басқармасы