Date of publication: 28.06.2019 15:19
Date of changing: 28.06.2019 15:20

Шетелдік қаржыландыру мониторингі Қазақстанда шетелден алынатын қаражатты пайдаланудың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында енгізіледі. Мониторинг кәсіпкерлердің қаржы ағындарына, олардың шаруашылық қызметіне қатысты болмайды. Әңгіме кәсіпкерлік қызметке қатысы жоқ үкіметтік емес ұйымдарды мақсатты шетелдік қаржыландыру туралы ғана болып отыр.

Мониторинг заң көмегін көрсетуге және қоғамдық пікірді зерделеуге, сондай-ақ коммерциялық емес мақсаттарда жүргізілетін әлеуметтік сауалнамаға, ақпаратты жинауға, талдауға және таратуға бағытталған қаржы қаражатын қамтиды. Адвокаттар, нотариустар, жеке сот орындаушылары, дипломатиялық өкілдіктер және басқа да бірқатар тұлғалар мониторингтің қолданылуына жатпайды.шетелден демеушілік жасайтын заңды және жеке тұлғалар мониторинг шеңберінде 10 күн ішінде мемлекеттік кіріс органдарын ақша алғаны туралы хабардар етуге және есептілікті тұрақты түрде ұсынуға міндетті. Бұл ретте барлық ақпарат мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында орналастырылатын болады, онда шетелдік қаржыландыруды алатын жеке және заңды тұлғалар туралы электрондық деректер базасы қалыптастырылады. Деректер қоры үнемі толықтырылып, ашық түрде болады. Шетелдік қаржыландыру мониторингі құқыққа қарсы әрекеттердің жолын кесу үшін түрлі ұйымдар мен адамдардың қызметін бақылау тәсілі болып табылады.

 

Қостанай  қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы