Date of publication: 01.07.2019 09:59
Date of changing: 01.07.2019 10:01

 

Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы жекелеген қызмет түрлерімен айналасуға лицензияны пайдаланғаны үшін төлемақыны төлеу (бұдан ары-төлем) мерзімдері туралы ескертеді.

Төлемақы төлеушілер төлемақы сомаларын өзінің тұрған жері бойынша ағымдағы жылғы 25 наурыздан, 25 маусымнан, 25 қыркүйектен және 25 желтоқсаннан кешіктірмей тең үлестермен жыл сайын төлейді.

Салық кодексінің 555-бабы 1-тармағында көрсетілген тиісті қызмет түрлерін, яғни ойын бизнесі саласында, алкоголь өнімдерін сақтау және өткізу бойынша жүзеге асыруға лицензия алған жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушілері болып табылады.

Төлемақы әр қызмет объектісі бойынша төленеді және алкоголь өнімдерін көтерме саудада өткізу 200 АЕК құрайды, ал алкоголь өнімдерін бөлшек саудада өткізушілерге астанада, республикалық маңызы бар қалаларда және облыс орталықтарында -100 АЕК, басқа да қалалар мен кенттерде – 60 АЕК, ауылдық елді мекендерде-20АЕК төлемақы мөлшері белгіленген.

Бұл ретте лицензия алу кезінде төлемақы төлеу жөніндегі міндеттеме лицензия алған жылдан кейінгі күнтізбелік жылдан бастап туындайды.

Төлемақы 105434 БСК төленеді.

Сонымен қатар, егер есепті салықтық кезеңде лицензияны пайдалану кезеңі бір жылдан аз болса, төлемақы сомасы бір жылға есептелген төлемақы сомасын он екіге бөлу және бір жылда лицензия пайдаланылған (толық немесе толық емес) айлардың тиісті санына көбейту жолымен айқындалады.

 

Қостанай  қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқарма