Костанай каласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы 2020 жылдан бастап патент негізіндегі арнайы салық режимін келесі іс-әрекет түрлерін жүзеге асыратын дара кәсiпкерлер қолдануға құқылы екенін хабарлайды:
- сылақ жұмыстарын;
- ағаш ұсталығы мен ағаш шеберлігі жұмыстарын;
- еден жабу және қабырға қаптау жөніндегі жұмыстарды;
- бояу және шынылау жұмыстарын;
- такси қызметін;
- автомобиль көлігімен жүк тасымалдауды;
- сыйақы үшін немесе шарт негізінде жылжымайтын мүлікті басқаруды;
- фотография саласындағы қызметті;
- аударма (ауызша және жазбаша) ісін;
- мүліктік жалдауға (жалға) беруді;
- көлік құралдарын мүліктік жалдауға (жалға) беруді;
- ойын-сауық және спорттық керек-жарақтарды прокатқа және мүліктік жалдауға (жалға) беруді;
- бейнежазбалар мен дискілерді прокатқа беруді;
- басқа да жеке тұтыну заттарын және тұрмыстық тауарларды прокатқа беруді және мүліктік жалдауға (жалға) беруді;
- ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдығын мүліктік жалдауға (жалға) беруді;
- есептеуіш техниканы қоса алғанда, кеңсе машиналары мен жабдығын мүліктік жалдауға (жалға) беруді;
- спорттық білім және бос уақытты ұйымдастыру мамандарына білім беру саласында көрсетілетін қызметтерді;
- мәдениет саласындағы білім берудің көрсетілетін қызметтерін;
- басқа да білім беру саласында көрсетілетін қызметтерді;
- қосалқы білім беру қызметтерін;
- өнер саласындағы қызметті;
- компьютерлерді және перифериялық жабдықты жөндеуді;
- коммуникациялық жабдықты жөндеуді;
- жеке тұтыну заттарын және тұрмыстық тауарларды жөндеуді;
- шаштараз қызметтерін;
- маникюрді және педикюрді;
- ветеринариялық көрсетілетін қызметтерді;
- жер учаскелерін өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтерді;
- тұрғын үй-жайларды жинау және үй шаруашылығын жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтерді;
- базарларда, вокзалдарда жүк тасушылар көрсететін қызметтерді;
- музыкалық аспаптарды жасауды және жөндеуді;
- үй жануарларын бағуды
Бұл дегеніміз, жоғарыда көрсетілген Тізбеде жоқ іс-әрекетпен айналысатын жеке кәсіпкерлер келесі салық салу режимдерінің бірін таңдауы қажет:
оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимі;
тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимі;
жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті.
Тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимін немесе оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимін қолдану үшін 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданатын салық салу режімі туралы хабарламаны тапсыру қажет.
Егер 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданатын салық салу режімі туралы хабарламаны тапсырмаған жағдайда, жеке кәсіпкер жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салу тәртібіне ауысуға жатады.
Сонымен бірге , бюджетпен патент арқылы есеп айырысуды жүзеге асыратын кәсіпкерлер үшін 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бақылау-касса машиналарын қолданудан босатылу күшін жояды. Яғни, патент негізіндегі арнайы салық режимін қолданатын барлық кәсіпкерлер 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бақылау касса машиналарын қолдануға міндетті.
Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы
Управление