Date of publication: 04.07.2019 09:26
Date of changing: 04.07.2019 09:27

Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы келесіні хабарлайды:

Қазахстан Республикасы Үкіметінің  «Фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге жәнепапиростарға ең төменгі бөлшек сауда бағасын белгілеу туралы»  қаулысына сәйкес 2018 жылғы 16 қарашадағы  №  751( Бұдан әрі -Қаулы).

Қаулыға сәйкес Фильтрлі, фильтрсіз 20 (жиырма) сигаретаға және папиростарға ең аз бөлшек сауда бағалары мынадай мөлшерде белгіленеді:

1) үш жүз алпыс теңге 2018 жылғы 31 желтоқсанға дейін қоса алғанда;

 2) үш жүз сексен теңге 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап 2019 жылғы 30 маусымға дейін қоса алғанда;

 3) 2019 жылғы 1 шілдеден бастап 2019 жылғы 31 желтоқсанға дейін қоса алғанда төрт жүз теңге;

 4) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 30 маусымға дейін қоса алғанда төрт жүз жиырма теңге;

 5) 2020 жылғы 1 шілдеден бастап 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін қоса алғанда төрт жүз қырық теңге;

 6) 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 2021 жылғы 30 маусымға дейін қоса алғанда төрт жүз алпыс теңге;

 7) 2021 жылғы 1 шілдеден бастап 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін қоса алғанда төрт жүз сексен теңге;

 8) 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2022 жылғы 30 маусымға дейін бес жүз теңге;

 9) 2022 жылғы 1 шілдеден бастап бес жүз жиырма теңге.

         Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, яғни 2018 жылғы 4 желтоқсаннан бастап (  2018 жылғы 23қарашада №225(28854) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған)

 

Қостанай  қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы