Date of publication: 09.07.2019 12:56
Date of changing: 09.07.2019 12:57

2019 жылғы 4 шілдеде Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының маманы «25 дукен»  СҮ көшпелі түсіндіру күнін өткізді.

Іс-шараның мақсаты, салық төлеушілерге деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналарды қолдану, POS-терминалдарды қолдану, "Чекті талап ет – жүлдені ұтып ал!" акциясы туралы түсіндіру, көлік салығының сомасын, салық берешегінің сомасын және басқа да көптеген мәселелерді салық органына келмей-ақ білу мүмкіндігі туралы. Кездесу барысында сатушыларға жадынамалары таратылып, толық түсіндірілді.