Date of publication: 10.07.2019 14:04
Date of changing: 10.07.2019 14:06

Мемлекеттік кірістер органдарының негізгі міндеті - көлеңкелі экономиканың алдын алу және жолын кесу, салық төлеуден жалтару жолдарын анықтау, нәтижесінде салық пен алым түрінде мемлекеттік бюджетке түсетін кірісті қамтамасыз ету.

Осы міндеттерді іске асыру мақсатында Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментінде акцизделетін тауарларды заңсыз айналдыруды анықтау және жолын кесу жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді және бекітілді. Аталған Жоспардың аясында облыстың шекараға жақын аймақтарында бақылау күшейтілді.

Шұғыл іс-шаралар барысында 2019 жылдың 8 шілдесінде Ресей Федерациясынан Қайрақ АӨП арқылы заңсыз алкоголь өнімдерін өткізудің әрекетінің алды кесілді. Құрамында спирті бар шыққан тегі белгісіз сұйықтық 4 және 5 литрлік пластикалық ыдыстарға құйылған, рұқсат құжаттары (алкоголь өнімдерін сақтау және бөлшек саудалау лицензиясы, ілеспе құжаттары) жоқ.

Барлығы құны 1,5 млн. теңге болатын, жалпы көлемі 792 литр 183 ыдыс контрафакт алынды. Жауапты тұлғаларға қатысты Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінің 463 бабының 1 тармағы бойынша әкімшілік іс толтырылып сотқа жіберілді.