Date of publication: 15.07.2019 17:43
Date of changing: 15.07.2019 17:45

Мемлекеттік кірістер органдарының негізгі міндеті - көлеңкелі экономиканың алдын алу және жолын кесу, салық төлеуден жалтару жолдарын анықтау, нәтижесінде салық пен алым түрінде мемлекеттік бюджетке түсетін кірісті қамтамасыз ету.

Осы міндеттерді іске асыру мақсатында 2013 жылғы сәуір айында Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментінде акцизделетін тауарларды заңсыз айналдыруды анықтау және жолын кесу жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді және бекітілді. Осы Жоспар шеңберінде Ресей Федерациясымен шекаралас өңірлердегі, сондай-ақ Республикалық және өңірлік маңызы бар автомобиль және автомобиль жолдарында Ішкі істер органдары, Көлік прокуратурасы  және  Көліктік бақылау органдарынан  бірлескен  рейдтер жүргізілді.

Ведомствоаралық  іс-қимыл  жоспары  алты  жыл бойы және бүгінгі күні, салық департаменті, кедендік  бөлімшелері Департамент құрамына кірген кезде жұмыс істеп жатыр, қабылданған шаралар тиімдірек болды.

Экономикалық дағдарыс кезеңінде бұрын-соңды облыстың екі ірі спирт зауыты мен екі арақ зауыты («Лидер-2» ЖШС және «Алтын-Өмір» ЖШС) түрлі себептермен 2015-2016 жж. жабылды. Ресей Федерациясынан және Қазақстан Республикасының басқа өңірлерінен заңсыз әкелінетін алкоголь өнімдерінен  аймақтық  нарыққа қауіп туындады.

2018  жылдың соңына  қарай ішкі істер органдарының жоспары мен бірлескен рейдтерді пысықтау  барысында  13,6 мың  литр  этил спирт,  акциз маркаларын есептемегенде, құны 42 млн. теңге тұратын  73 мың  шыны заңсыз алкоголь және құны 49  млн. теңге тұратын 138  мың қорап темекі өнімдері тәркіленді.

Облыстың  шекаралас  өңірлері мен автомобиль жолдарын бақылаудан басқа, көтерме және бөлшектік байланыстар тексерулермен қамтылған, заңсыз алкоголь сатылымын  есепке алу және бақылау белгілерімен анықталған, айналымнан  бағасы 10 млн. теңге 10 мыңға жуық шөлмек тәркіленді.

Осы бағытта әлі де жұмыстар жалғасуда. Сол себепті  2019 жылдың 6 айы ішінде айналымдағы 25 мың заңсыз шөлмек тәркіленді. Алкогольдік  ішімдіктер  27 млн. теңгеге көлемінде  және  10 000-ға жуық темекі пакеттері сатылымнан алынды.

Нәтижесінде бекітілген Жоспар шеңберінде жүзеге асырылған шаралар тек айыппұлдар мен тәркілеу түрінде ғана емес, сонымен бірге акциздік түсімдердің ұлғаюы түрінде де оң әсерін тигізді, 2017 жылмен салыстырғанда 2018 жылы кірістің ұлғаюы 587  млн. теңгені құрады және 2019 жылдың 6 айының нәтижесі бойынша 480 млн. теңгеге қосымша салықтар салынды.