Date of publication: 01.02.2016 16:11
Date of changing: 01.02.2016 16:37

Алкоголь өнімін импорттауға ІЖҚ толтыру бойынша нұсқаулық.

 

«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы»Жаңартылған  Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі N 429 Заңының  9 бабының  5 тармағына сәйкес -  Ілеспе жүкқұжаттары (ІЖҚ) жоқ, сондай-ақ этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу және пайдалану қағидаларын бұза отырып жасалған, этил спирті мен алкоголь өнімінің айналымына және олардың орнын өзгертуге тыйым салынады. 

«Мемлекеттік реттеу туралы ...»Жаңартылған  Заңының  1 бабына сәкес  айналым – экспорт, импорт, сатып алу, сақтау, көтерме саудада және бөлшек саудада өткізу.

Осылайша, ІЖҚ ресімдеусіз импорттауға тыйым салынады.

«ІЖҚ ресімдеу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 35 бұйрығына   өзгерістер енгізу туралы» ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 682 бұйрығына сәйкес, ІЖҚ этил спиртін және алкоголь өнімін сату (жіберу), өткізу, қайтару, тасымалдау, импорттау бойынша операцияларды өткізу кезінде ресімделеді.

Этил спиртінің және (немесе) алкоголь өнімінің Қазақстан Республикасының аумағына импорты кезінде ІЖҚ алушы ресімдейді:

Еуразиялық экономикалық одағына мүше болып табылмайтын мемлекеттер аумағынан - Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес тауарлар шығарылған күннен кейінгі күннен кешіктірмей;

Еуразиялық экономикалық одағына мүше мемлекеттер аумағынан - Қазақстан Республикасының аумағына әкелу күнінен кешіктірмей.

ІЖҚ нысанына кейбір өзгерістер енгізілді (импорттауға ІЖҚ ресімдеу кезінде жол тек алушымен толтырылады).

Әдеттегі ІЖҚ – 1 суретте.

1 сурет

Операциялардың жаңа кодтары қосылды – этил спиртін импорттау, алкоголь өнімін импорттау, шарап материалын импорттау. 2 сурет.

2 сурет

Өнім берушінің жаңа түрі қосылды – Импорттаушы. 3 сурет.

 

3 сурет

БСН (ЖСН) импорттау кезінде енгізілмейді.

Өнім берушінің атауы – алушының өзімен енгізіледі («алкоголь өнімін импорттау» операция кодын таңдаған кезде – осы жол белсенді болады және өнім берушінің атауын қолмен толтыру мүмкіндігі бар). 4 сурет. 

 

 

4 сурет

«Лицензия нөмірі және өнім берушінің атауы» жолы – спиртті және алкоголь өнімін импорттау кезінде «Импорттаушы-ел» жолына өзгереді және мұнда лицензияның нөмірі орнына импорттаушы-ел көрсетіледі – бағдарламаның көрсетілген тізімінен таңдалады. 5 сурет.

5 сурет

Бұдан арғы іс-әрекеттер ІЖҚ кәдімгідей толтырғандай жалғастырылады, көлік түрін, көлік құралын толтырамыз, алкоголь өнімінің ПИН-кодын таңдаймыз, бөтелке санын көрсетеміз және т.б. 6 сурет.

 

 

6  сурет

Егер импорттаумен байланысты емес операция кодын таңдап (мысалы, алкоголь өнімін көтерме сатушыға тиеу), бірақ Өнім берушінің түрі –«Импорттаушы» болып көрсетілсе, онда жүйе «Операция коды – Өнім берушінің түрі бір-біріне сәйкес келмейді» деген қатені анықтайды. 7 сурет.

 

7 сурет

Бұдан кейін, ІЖҚ толтырғаннан кейін, барлық іс-әрекеттер кәдімгі ІЖҚ толтырғандай жалғасады. Толтырылуын тексеру, сақтау, алушыға жіберу, ІЖҚ мөрі.

Бұдан кейін ІЖҚ алушыға жіберіледі, дегенмен, оны алушының өзі ресімдегендіктен, ІЖҚ оған растау немесе бас тарту үшін келеді. Алушы 25 күнтізбелік күн ішінде ІЖҚ растап не бас тарта алады, сондай-ақ 2 жұмыс күн ішінде жоя алады.

Жіберілгеннен кейін ІЖҚ басып шығарылады және жүкпен бірге ілесіп жүру үшін беріледі.

Кейін алушы ІЖҚ алуы туралы белгіні, яғни алкоголь өнімін нақты алған күнін көрсетумен қолын қояды.

ІЖҚ алушыда сақталады.