Date of publication: 05.03.2015 12:12
Date of changing: 07.03.2015 13:14

Жаңадан іске кіріскен кәсіпкерлер үшін бірыңғай ақыл-кеңес беру күні

 

2015 жылғы 26 ақпанда Қарабалық ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында жаңадан іске кіріскен кәсіпкерлер үшін бірыңғай ақыл-кеңес беру күні жүргізілген. Семинар барысында мынадай сұрақтар болған:

-         ЖК ретінде тіркеу;
-         арнайы салық режимдерін қолданудың ерекшеліктері;
-         мемлекеттік қолдауды қалай алуға болады;
-         Бизнестің Жол картасы 2020;
-         «Бизнес-кеңесші» жобасы;
-         Инновациялық бизнес – жобаларға гранттар, бизнеске кредит беру;
-         легализациялау;
-         электрондық шот - фактуралар

 

Акцияға «Қарабалық ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» ММ басшысы Т.С. Давлетов және Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының өкілі А.М. Шектыбаев қатысты. 

                                                                                      Қазір біз де мемлекетпен кіші және орта бизнесті қолдау туралы оқып отырмыз. Жарайсыңдар, семинар үшін Сізге үлкен рахмет, енді біз өз бизнесті қалай ашуға, тіркеу тәртібі мен салық салудың режимдері, қайдан бастапқы капиталды алуға болады және бизнес жобаны құруда көмек үшін кімге жүгінуге болатынын білеміз.

 

Дана 18 жыл

Агротехникалық колледждің студенті

                                                                                                                                                                                                                                                                       

Ақпаратты бергеніңіз үшін Сізге үлкен рахмет, өте уақытты, мен мал шаруашылығымен айналысуды жоспарлап отырмын. Бүгінгі семинар өте қызықты және қажетті. «Бизнес-кеңесші» жобасына курстарына жазылуға ынтам бар. 

 

Олжас 19 жыл

Агротехникалық колледждің 2 курстың студенті

                                                                          

«Біз әрқашан да жаңадан іске кіріскен кәсіпкерлерге өз бизнесін тіркеуге, бастапқы капиталды алуға көмек беруге дайынбыз. Мемлекеттік кірістер комитетімен барлық аймақтық басқармаларда бейсенбі сайын жаңадан іске кіріскен кәсіпкерлер үшін бірыңғай ақыл – кеңес берудің шешімі қабылданғаны туралы бұл өте жақсы, біз қашан да белсенді қатысамыз» 

Тулеген Давлетов

«Қарабалық ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік

бөлімі» ММ басшысы

 

         Жаңадан іске кіріскен кәсіпкерлер үшін бірыңғай ақыл – кеңес берудің күні мемлекеттік кірістер басқармасында әрбір бейсенбі сайын жүргізіледі, қош келдіңіз!