Date of publication: 13.11.2019 16:26
Date of changing: 13.11.2019 16:28

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 11.07.17 жылғы № 90-VI Заңымен жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетін кезең-кезеңмен енгізу қарастырылған.

Халық саны  2 000 және одан да көп адам болатын әкімшілік – аумақтық бірліктерде бюджетті жоспарлау және атқару жөніндегі дербес жұмыс 2018 жылдан бастап, қалғандарына - 2020 жылдан бастап жүргізіледі.

2018  жылғы  1 қаңтардан бастап халқының саны 2 000 және одан да көп адам болатын аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеріне салықтың мынадай түрлері, сондай-ақ сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлем:

- аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ аумағында тіркелген жеке тұлғалардың  төлем көзінен салық салынбайтын табыстары бойынша жеке табыс салығы;

- мүлкі аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ аумағында орналасқан жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;

-  жер учаскесі аудандық маңызы бар қалада, кентте, ауылда орналасқан жеке және заңды тұлғалардан алынатын, елді мекендер жерлеріне салынатын жер салығы;

-    аудандық  маңызы  бар  қалада, кентте, ауылда тіркелген жеке және заңды тұлғалардан алынатын, көлік құралдарына салынатын салық;

Көрсетілген салық түрлері мен төлем 2020 жылдан бастап халқының саны 2 000 және одан кем адам болатын әкімшілік – аумақтық бірліктердің ауылдық бюджеттеріне есептеуге жатады.

Осыған байланысты, 2020 жылдан бастап төлемдер Жергілікті өзін-өзі басқару бюджетіне түсетін объектілермен салық төлеушілердің назарына мәлімет үшін салықтардың осы түрлерін есептеу кезінде аудандық маңызы бар қалалар, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері аппаратының БСН-ін салық есептілігінде көрсету қажеттілігі туралы жеткіземіз.

Аудандық маңызы бар қалада, кентте, ауылда  орналасқан объектілері бар салық төлеушілердің 2020 жылдан бастап 2 000 және одан да аз халқы бар салық және төлемдерді төлеуі жергілікті өзін-өзі басқару бюджетіне жүргізіледі.

 

                                                                                            Қостанай  қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы