Date of publication: 14.11.2019 11:37
Date of changing: 14.11.2019 11:40

   2018 жылға мүлік салығын және жер салығын төлеу жөніндегі міндеттемелерді қоспағанда, салық төлеуші - жеке тұлға 2019 жылғы 31 желтоқсанға дейін 2019 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық кезеңдері үшін салық міндеттемелері бойынша құрылған берешек сомасын төлеген жағдайда, жеке тұлғалар үшін жүргізілетін салықтық рақымшылық шеңберінде салық берешегі болып танылмайды, бюджетке енгізілуге жатпайды, сондай-ақ 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша салық төлеушінің дербес шотында есептелген өсімпұл сомасы, сондай-ақ төлеу күнін қоса алғанда, оны төлеу күніне дейін осындай берешек сомасына есептелген өсімпұл сомасы есептен шығарылуға жатады.

   Бұл ретте өсімпұл берешек төленген салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің сол түрі бойынша есептен шығарылады.

   Сонымен, 2019 жылдың 13 тамызынан бастап Қостанай облысының Мемлекеттік кірістер органдарымен  31 026  жеке тұлғалар бойынша 34,0 млн. теңгеге өсім сомасын есептен шығарылды.

   Осыған байланысты, салық берешегі бар барлық азаматтарды есептелген өсімақы сомасын есептен шығару бойынша осы мүмкіндікті пайдалануға шақырамыз.

   Салық берешегінің бар-жоғын Қазахстан Республикасының Мемлекеттік кірістер комитетінің Интернет-ресурсында  мына  http://www.kgd.gov.kz  сілтеме  бойынша «Салық берешегінің болуы/болмауы туралы мәліметтер» бөлімінде тексеруге болады.

   Сонымен қатар, Кaspi.kz және Еgov.kz  қосымшасында салықтар, соның ішінде жер салығы, мүлік және көлік салығы бойынша берешекті қарау бойынша сервис  әзірленді. Тек төлеушінің ЖСН енгізу жеткілікті. Төлемді осы сервисте да жүргізуге болады.

        

                                                                                                                                              Өндірістік емес төлемдер басқармасы