Date of publication: 27.11.2019 17:17
Date of changing: 27.11.2019 17:34

Ағымдағы  жылдың  27  қарашасында  Қостанай облысы бойынша МКД  Қазақстан  Республикасы  Қаржы министрлігінің  Әдеп жөніндегі уәкілі Т. Ж. Ташмагамбетовтың  Департаменттің жеке құрамымен кездесуі өтті.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі  Қазақстан Республикасының  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңдарына  және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексіне түсініктеме берді.

ҚР ҚМ Әдеп жөніндегі уәкілі Т. Ж. Ташмагамбетов мемлекеттік қызметшілер үшін белгіленген шектеулер және этикалық нормаларды түсіндіру, мемлекеттік қызметшілердің сыртқы келбетін сақтауы, мемлекеттік қызметшілердің  жұмыста, қызметтен тыс уақытта, көңіл көтеру орындарында мінез-құлық стандарттары бойынша, әлеуметтік желілерде фото және бейне орналастыру фактілері бойынша сөз сөйледі.

Кездесу соңында ҚР ҚМ Әдеп жөніндегі уәкілі Т. Ж. Ташмагамбетов Департамент  мамандарының қойған сұрақтарына жауап берді.

Осы күні Т. Ж. Ташмагамбетов Мемлекеттік қызметшілерді – Департамент мамандарын мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері бойынша қабылдады.

 

                                                                                                                                                               Қостанай облысы бойынша МКД