Date of publication: 29.11.2019 10:13
Date of changing: 29.11.2019 10:55

Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда.

Осы жолы олар Қостанай қаласының орталық базарында, сауда үйлерінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Шара барысында онлайн бақалау кассалық машиналарын қолдану бойынша пайда болған міндеттеме кәсіпкерлермен талқыланды.

Ағымдағы жылы онлайн бақалау кассалық машиналар қолдануға барлық жерде көшіру кезең-кезеңмен  (тоқсан сайын) жүзеге асырылады, 2020 жылға дейін онлайн бақалау кассалық машиналарды қолдануға барлық салық төлеушілерді көшіру жоспарлануда,  патент бойынша жұмыс істейтін және бірыңғай жер салығын төлеушілердін қоса алғанда (1.01.2020 жылдан бастап).

2020 жылдан бастап патент негізіндегі арнайы салық режимін  патент 32 бизнес түрлері қолданылады.

Саудамен айналысатын жеке кәсіпкерлер келесі салық салу режимдерінің бірін таңдауы қажет: оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимі; тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимі; жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті. Тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимін немесе оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимін қолдану үшін 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданатын салық салу режімі туралы хабарламаны тапсыру қажет. Егер 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданатын салық салу режімі туралы хабарламаны тапсырмаған жағдайда, жеке кәсіпкер жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салу тәртібіне ауысуға жатады.

Салық төлеушілер онлайн бақылау кассалық машиналардаң басқа, баламасы  ретінде, web-нұсқаларының сервисі негізінде онлайн кассалық машиналарды қолдану мүмкіндігі туралы атап өтті.

Мысалы NURKASSA.KZ, LIGHTKASSA. WEBKASSA. reKASSA, web-нұсқаларының сервисі мобильді қосымшалар бар.

Оларды орнату және қолдану туралы толық ақпаратты интернеттен табуға болады.

Чекті қағазға басып шығару үшін жеке принтер сатып алу қажет.

Сондай-ақ, сатып алушыларға чектер мессенджерлерге хабарлама арқылы немесе электрондық поштаға жіберіледі.

Сонымен қатар салықтық рақымшылық жалғасуда.  Негізгі қарызды төлеген кезде пайыздар сомасы жеке және заңды тұлғалардан алынады. Алайда бұл мүмкіндік осы жылдың 31 желтоқсанынан кейін өз күшін жоятын болады.

Сонымен қатар, Мемлекеттік кірістер департаментінің жоспарына сәйкес аймақтық мемлекеттік кірістер басқармаларының қызметкерлерімен сауда үйлерінде, ойын-сауық орталықтарында, дүкендерде, және базарларда ақпараттық-түсіндіру жұмыстар жүргізіледі.

 

Қостанай  қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы