- Departments by region
- Astana
- Almaty
- Ulytau Region
- Zhetysu Region
- Шымкент
- Abay region
- Akmola region
- Aktobe region
- Almaty region
- Atyrau region
- East Kazakhstan region
- Zhambyl region
- West Kazakhstan region
- Karagandy region
- Kostanay region
- Kyzylorda region
- Mangistau region
- Pavlodar region
- North Kazakhstan region
- South Kazakhstan region
Date of publication: 24.03.2016 13:12
Date of changing: 24.03.2016 13:14
Қосылған құн салығына тіркеу есебіне қатысты өзгерістер.
Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті келесіні хабарлайды.
Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексіне 2015 жылдың 3 желтоқсанында №432-V Қазақстан Республикасының Заңымен 2016 жылдың 1 сәуірінен келесі өзгерістер енгізілген:
Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтінішті Қазақстан Республикасының резиденті, қызметін Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғасының бірінші басшысы, дара кәсіпкер орналасқан жері бойынша келу тәртібінде салық органына береді. Бұл ретте, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтінішті беру кезінде салық органы Қазақстан Республикасының резиденті - заңды тұлғаның бірінші басшысын, дара кәсіпкерді суретке түсіруді жүзеге асырады.
Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлiк тіркеуші органның лауазымды тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында ұсынылады.