Date of publication: 25.03.2016 15:44
Date of changing: 25.03.2016 15:45

«Камералды бақылауды автоматтандыру -сыбайлас жемқорлықпен күрестің бір тәсілі»

Сыбайлас жемқорлық осы замандағы қоғамның жағымсыз құбылысы болып табылады, ол тұрақты түрде мұқият оқуды, жүйелік көзқарасты, комплексті және тез арада қарсы іс-әрекеті талап етеді. Осыған орай сыбайлас жемқорлықпен күрес Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі приоритеті. 

Көлеңкелі экономика сыбайлас жемқорлықтың негізгі көзі болатынын ескере отырып, қазіргі уақытта Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының салықтық бақылауының негізгі басымдылығы камералды бақылау болып табылады.

Камералды бақылау салық төлеушілермен ұсынылған салықтық есептілікті, уәкілетті органдардың мәліметтерін, сонымен қатар салық төлеушінің қызметі жөнінде басқа да құжаттарды және мәліметтерді салыстыру, оқу және талдау негізінде бақылау. Камералды бақылау жүргізудің мақсаты салық төлеушіге айыппұл қолданбастан және мекемеге салықтық тексеру жүргізбестен өздігінше анықталған бұзушылықтарды жою мүмкіндігін беру. Салықтық тексерістерді мекемеге шығумен жүргізу айтарлықтай уақытты талап етеді, сондықтан салықтық бақылаудың бұл түрі аз салық төлеушілерді қамтиды. Ал камералды бақылау салық есептілігін ұсынатын барлық дерлік салық төлеушілерді қамтиды.

Сонымен, Қостанай қаласы бойынша МКБ камералды бақылау жүргізу, соның ішінде автоматтандырылған, қызметкерлердің айтарлықтай біраз уақытын үнемдейді және салық төлеушілермен салық есептілігінің нысандарын табыс ету барысында жасалған көптеген бұзушылықтарды анықтауға мүмкіндік береді.

Салық төлеушелермен ұсынылатын салық есептілігіне және құжаттарына талдау жасау камералды бақылауды өңдеу барысында салық төлеушінің қызметіндегі проблемалы сәттерді анықтауға мүмкіндік береді.

   Камералды бақылау жүргізудің жағымды нәтижесі Қостанай қаласы бойынша МКБ-на ғана емес, және де тәжірбиенің аз болу себебі бойынша, немесе механикалық сипаттағы қателіктерді салық есептілігінде жасаған адал салық төлеушілерге де орынды, өйткені камералды бақылау салық төлеушіге өз еркімен айыппұл қолданбастан бекітілген заңнамаға сәйкес мерзімде бұзушылықтарды жою мүмкіндігін береді.

  Тәжірбие көрсеткендей камералды бақылауды тұрақты негізде жүргізу салық төлеушілердің салықтық тәртібін ұлғайтады. Тағы бір камералды бақылау жүргізудің жағымды жағы Қостанай қаласы бойынша МКБ қызметкерлерімен салық төлеушілердің байланысын азайтады, бұл сыбайлас жемқорлықты қысқартуға мүмкіндік береді.

Қазіргі замандағы кезеңде камералды бақылауды жетілдірудің бір әдісі автоматтандырылған камералды бақылау жүргізу болып табылады, ол тек қосымша құн салығы және корпоративті табыс салығы бойынша декларациялар емес, оснымен қатар Қостанай қаласы бойынша МКБ салық төлеушілермен ұсынылатын барлық салық есептіліктері бойынша камералды бақылау жүргізу, бұл бюджетке  қосымша түсімдердің түсуін қамтамасыз етеді, және табыс етілген салық есептіліктегі мәліметтерді әкімшілендіруді ұлғайтады.

Сонымен, электронды түрге көшу, камералды бақылауды автоматтандыру, салық органдарының қызметкерлерімен салық төлеушілердің байланысын болдырмау сыбайлас жемқорлықтың қауіп-қатерін азайтаудың тиімді тәсілі болып табылады.