Date of publication: 26.02.2020 16:24
Date of changing: 26.02.2020 16:24

  Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті  01.02.2020 ж. бастап «Кеден одағы Комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 21.05.2019 ж. № 83 Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімі күшіне енгенін назарларыңызға жеткізеді.

21.05.2019 ж. №83  шешімімен Кеден одағы Комиссиясы мен ЕЭК Алқасының кейбір шешімдеріне бірқатар өзгерістер енгізілді.

«Кедендік декларацияларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтар және кедендік декларациялардың нысандары туралы»  Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы №257 шешіміне негізгі өзгерістер енгізілді:

Бұдан басқа, 83 шешіммен өзгерістер енгізілді:

- «Транзиттік декларацияны толтыру нысаны мен тәртібі туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 10.12.2013 ж. №289 шешіміне»;

- «Тауарларға арналған декларацияны тіркеу немесе тіркеуден бас тарту тәртібі жөнінде нұсқаулық туралы»  ЕЭК Алқасының 02.07.2014 ж. №98  шешіміне»;

 «2018 жылғы FIFA футболдан әлем чемпионатын және 2017 жылғы FIFA конфедерациясы Кубогын ұйымдастыру және өткізу кезінде немесе оларға дайындық бойынша жаттығу іс-шараларын өткізу кезінде пайдалануға арналған шетелдік тауарларды кедендік декларациялау және тауарларды өткізу ерекшеліктерінің сыныптауышына өзгеріс енгізу туралы» ЕЭК Алқасының 02.05.2017 ж. №43 шешіміне;

- «Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін есептеу туралы» ЕЭК Алқасының 04.09.2017 ж. №112 шешіміне»;

- «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерде орналасқан, уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар болып табылатын халықаралық тасымалдау көлік құралдарына қатысты операциялар жасау туралы өтініш туралы» ЕЭК Алқасының 19.12.2017 ж. №178 шешіміне;

- «Тауарларды шығаруға байланысты кейбір мәселелер туралы» ЕЭК Алқасының 19.12.2017 ж. №188  шешіміне»;

- «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құнына кедендік бақылау жүргізу ерекшеліктері туралы» ЕЭК Алқасының 27.03.2018 ж. №42 шешіміне;

- «Тауарларға арналған декларацияны пайдалана отырып, тасымалдаушы экспресс-жүк ретінде жеткізетін тауарларды кедендік декларациялау туралы» ЕЭК Алқасының 28.08.2018 ж. №142  шешіміне»;

- «кедендік құн декларациясын толтыру жағдайлары, кедендік құн декларациясының нысандарын және кедендік құн декларациясын толтыру тәртібін бекіту туралы» ЕЭК Алқасының 16.10.2018 ж. № 160 шешіміне.

        

Тарифтік реттеу басқармасы