Date of publication: 19.03.2020 17:35
Date of changing: 19.03.2020 17:36

            Интеллектуалдық меншікті қорғаумен тікелей байланысты кедендік бақылау аясында, Қазақстан Републикасының «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Кодексінің 53 тарауына сәйкес, Кеден органдары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізіліміне және Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізілген, сондай-ақ осындай тізілімдерге енгізілмеген зияткерлік меншік объектілеріне құқық иеленушілердің құқықтарын қорғау жөніндегі шараларды қабылдайды.

            Зияткерлік меншіктің кедендік тізілімі – авторлық құқық пен сабақтас құқықтардың, тауарлық белгіліердің, кызмет көрсету таңбаларының және тауар шығарылған жерлердің атауларының жинағы, авторлық құқық иелерінің өтініші бойынша тіркелген.

            Уәкілетті орган зияткерлік объектілерінің кедендік тізілімін жүргізеді және оның жариялануын, оның ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етеді.

Егер Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізіліміне немесе Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізілген зияткерлік меншік объектілері бар тауарларды кедендік рәсіммен орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жасау кезінде кеден органы зияткерлік меншік объектілеріне құқық иеленушінің құқықтарын бұзушылық белгілерін анықтаған жағдайда, осындай тауарларды шығару мерзімі 10(он) жұмыс күніне тоқтатыла тұрады.

            Құқық иеленушінің немесе оның мүдделерін немесе бірнеше құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін тұлғаның сұрау салуы бойынша бұл мерзімді кеден органы ұзартады, бірақ, егер құқық иеленуші немесе оның мүдделерін немесе бірнеше құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін тұлға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құқық иеленушінің құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгінген жағдайда, ол 10(он) жұмыс күнінен аспайды.

            Құқық иеленушінің және (немесе) оның мүдделерін немесе бірнеше құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін тұлғаның тауарларды шығаруды тоқтата тұру мерзімін ұзарту туралы өтінішті, тауарларды шығару мерзімін тоқтата тұру туралы шешімнің күшін жою туралы өтінішті кеден органына бұдан әрі құжаттың түпнұсқасын міндетті түрде ұсына отырып, электрондық поштаны және факсимильдік байланысты пайдалана отырып, электронды түрде (сканерленген көшірмесін) ұсынуына жол беріледі.

            Тауарларды шығару мерзімін тоқтата тұру және тауарларды шығару мерзімін тоқтата тұру мерзімін ұзарту туралы шешімдерді кеден органының басшысы немесе ол уәкілеттік берген тұлға қабылдайды.

            Кеден органы зияткерлік меншік объектілері бар тауарларды шығару мерзімін тоқтата тұру туралы шешім қабылдаған күннен кейінгі 1(бір) жұмыс күнінен кешіктірмей, декларантты және құқық иеленушіні немесе оның мүдделерін немесе бірнеше құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін тұлғаны мұндай тоқтата тұру, тоқтата тұру себептері және мерзімдері туралы хабардар етеді, сондай-ақ декларантқа – құқық иеленушінің және (немесе) оның мүдделерін немесе бірнеше құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін тұлғаның атауын (тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және тұрған жерін (тұрғылықты жерін), ал құқық иеленушіге немесе оның мүдделерін немесе бірнеше құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін тұлғаға декларанттың атауын (тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және тұрған жерін (тұрғылықты жерін) хабарлайды.

            Зияткерлік меншік объектілері бар тауарларды шығару мерзімін тоқтата тұру мерзімі өткен соң осындай тауарларды шығару мерзімі кеден органына тауарларды алып қоюды, оларға тыйым салуды не оларды тәркілеуді растайтын құжаттар не судьяның зияткерлік меншік объектілеріне құқық иеленуші құқықтарының бұзылғаны туралы талап қою бойынша азаматтық іс қозғау туралы ұйғарымы ұсынылған жағдайларды қоспағанда, белгіленген тәртіппен жаңартылады және жүргізіледі. Судьяның зияткерлік меншік объектілеріне құқық иеленуші құқықтарының бұзылғаны туралы талап қою бойынша азаматтық іс қозғау туралы ұйғарымы ұсынылған жағдайда, зияткерлік меншік объектілері бар тауарларды шығаруды тоқтата тұру мерзімдері, сондай-ақ көрсетілген тауарларды уақытша сақтау мерзімдері құқық иеленушінің талап қоюы бойынша соттың шешімі заңды күшіне енгенге дейін ұзартылады.

            Тауарларды шығару мерзімін тоқтата тұру салдарынан декларантқа, меншік иесіне, зияткерлік меншік объектілері бар тауарларды алушыға келтірген мүліктік зиянды (шығынды), егер сот құқық иеленуші құқықтарының бұзылғандығын анықтамаса, құқық иеленуші өтейді.

            Тауарларды шығару мерзімін тоқтата тұру туралы шешім мынадай:

-    кеден органына құқық иеленушінің немесе оның мүдделерін немесе бірнеше құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін тұлғаның мұндай шешімнің күшін жою туралы өтініші келіп түскен жағдайларда тауарларды шығару мерзімін тоқтата тұру мерзімі өткенге дейін күшін жоюға жатады. Құқық иеленушінің немесе оның мүдделерін немесе бірнеше құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін тұлғаның тауарларды шығаруды тоқтата тұру мерзімін ұзарту туралы өтінішті, тауарларды шығаруды тоқтата тұру туралы шешімнің күшін жою туралы өтінішті кеден органына бұдан әрі құжаттың түпнұсқасын міндетті түрде ұсына отырып, электрондық поштаны және факсимильдік байланысты пайдалана отырып, электронды түрде (сканерленген көшірмесін) ұсынуына жол беріледі;

-    зияткерлік меншік объектісі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізілімінен немесе Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімінен алынып тасталған;

-    құқық иеленуші немесе оның өкілі судьяның зияткерлік меншік объектілеріне құқықтардың бұзылғандығы туралы талап қою бойынша азаматтық іс қозғау туралы ұйғарымын ұсынбаған жағдайларда тауарларды шығару мерзімін тоқтата тұру мерзімі өткенге дейін күшін жоюға жатады.

            Аталған жағдайларда осындай тауарларды шығару қайта басталады.

            Кеден органының басшысы немесе ол уәкілеттік берген тұлға тауарларды шығару мерзімін тоқтата тұру туралы шешімнің күшін жояды.

            Зияткерлік меншік объектілері бар тауарларды шығару құқық иеленушінің Қазақстан Республикасының тиісті уәкілетті мемлекеттік органына немесе сотқа зияткерлік меншік объектілеріне өз құқықтарын қорғау туралы өтініш беруін жоққа шығармайды.

            Тауарларды шығару мерзімін тоқтата тұру туралы шешім күшін жойғаннан кейін осындай тауарларды шығару мерзімі қайта басталады.

            Кеден органдары зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау жөніндегі шараларды Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің, халықаралық ұйымдар жанындағы мемлекеттер өкілдіктерінің, халықаралық ұйымдардың немесе олардың өкілдіктерінің, өзге де ұйымдардың немесе олардың өкілдіктерінің ресми пайдалануына арналған, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды кедендік рәсімдермен орналастыру кезінде қабылдамайды, Сонымен қатар, жеке тұлғалар жеке пайдалану үшін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізетін, оның ішінде олардың атына халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін тауарларға қатысты да қолданбайды.

                                                 

                 Кедендік әкімшілендіру басқармасы