Date of publication: 28.08.2020 13:01
Date of changing: 28.08.2020 13:02

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті сіздің назарыңызға келесіні жолдайды.

Қазақстан Республикасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 166–бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар бақылау-касса машиналарын (бұдан әрі - БКМ)  мiндеттi түрде қолданыла отырып жүргiзiледi.

Салық кодексінің 166–бабының 6-тармағына сәйкес 2019 жылдың 13 сәуірінен бастап БКМ чектерінде келесі мәліметтер болу қажет:

         1) салық төлеушінің атауын;

2) салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірін;

3) БКМ зауыттық нөмірін;

         4) БКМ салық органындағы тіркеу нөмірін;

5) чектің реттік нөмірін;

6) тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жасалған күн мен уақытты;

7) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бір бірлігі үшін бағасын;

8) фискалдық белгіні;

9) деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар БКМ бақылау чегінің төлнұсқалығын тексеру үшін фискалдық деректер операторының атауын және фискалдық деректер операторы интернет-ресурсының деректемелерін;

         10) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің атауын;

11) сатып алынатын тауардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің санын, олардың өлшем бірлігін;

12) тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті сатудың жалпы сомасын;

13) егер салық төлеуші қосылған құн салығын төлеуші болып табылса – тауарларды, жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді өткізу бойынша, қосылған құн салығы салынатын айналымдар жөніндегі мөлшерлемені көрсете отырып, қосылған құн салығының сомасын;

14) БКМ пайдаланылатын жердің мекенжайын;

15) БКМ чегі туралы ақпаратты кодталған түрде қамтитын штрих кодты қамтуға тиіс.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 9) және 15) тармақшаларының ережелері деректер беру функциясы жоқ БКМ чектеріне қолданылмайды.

Бұл ретте, тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің ортақ номенклатурасы және өлшеу классификаторы белгіленбегенін ескереу қажет. Фармацевтік тауарларды сататын салық төлеушілерден басқалар өз тауарларының номенклатурасын және олардың өлшем бірілігін қолдануға, соны мен бірге жоғарда көрсетілген БКМ талаптар өз бетімен немесе БКМ техникалық қызмет көрсету орталығы арқылы енгізуге мүмкіндігі бар. Фармацевтік тауарларды сататын тұлғалар, дәрі – дәрмектің бекітілген аттарын қолдану қажет.

 Салық төлеушілер БКМ қолданған кезде қойылатын талаптарды сақтауға міндетті екендігіне назар аударамыз (Салық кодексінің 13-бабының 3- тармағының 4) тармақшасы).

Жоғарда айтылғанды ескере келіп, басып шығарылытан Онлайн-БКМ чектерін Салық кодексінің талаптарына сәйкес келтіру қажеттілігін хабарлайды.

Туындаған сұрақтар бойынша 8 (7142) 53-51-89, 53-72-62 телефондарына жүгініңіздер.

Басып шығарылытан онлайн-БКМ чек нысанының үлгісі.

 

                1) ЖШС немесе ДК аты;

2) ЖСН 123456789101 (12 сан);

3) МЗН (БКМ зауттық нөмері көрсетіледі);

4) МТН 123456789101 (БКМ тіркеу нөмері көрсетіледі 12 сан);

5) чектің № (чектің реттік нөмірі көрсетіледі);

6) Календарлық күн және уақыты 01.01.2020, 10:00;

7) Бір тауардың, жұмыстың, қызметтің құны;

8) ФБ (фискальдық белгі сан түрінде көрсетіледі);

9) ФДО (Казахтелеком АҚ немесе Транстелеком АҚ және чекті тексеру сайты);

10) Тауардың, жұмыстың, қызметтің аттары (аты толығымен, егерде фармацевтік құралдар  сатқанда дәрі – дәрмектің бекітілген аттары көрсетіледі).

11) Көлемі және өлшем бірілігі (алынған тауардың, жұмыстың, қызметтің саны, өлшем бірілігі);

12) Сату жиынтығы (сатылған тауардың, жұмыстың, қызметтің жалпы жиынтығы);

13) ҚҚС (мөлшерлемесі көрсетілген, қосылған құн салығының сомасы);

14) Нұр-Сұлтан қаласы, Жекңіс даңғылы 11 (БКМ қолдану мекен жайы);

15) QR-код басып шығарылады (штрих код, БКМ чегі туралы кодталған түрдегі ақпарат мазмұны).

 

         Чекті көрсетілген пішінде ұстауды ұсынамыз.