Date of publication: 19.03.2015 18:26
Date of changing: 19.03.2015 18:28

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде салық және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша Консультативтік кеңестің отырысы өткізілді             

2015 жылғы 18 наурызда Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде «Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 11 қарашадағы «»Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» Жолдауын жүзеге асыру шеңберінде салықтық және кедендік әкімшілендіру»  тақырыбында  Консультативтік (бұдан әрі - КК) кеңес өткізілді.

 

Отырысқа КК мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты.

Отырысты Кеңес Төрағасы, Департамент басшысы А.М. Паяев ашып, Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің 03.02.2015 жылғы №26 бұйрығымен құрамында 35 мүше бар КК құрылғанын айтты. Кеңестің құрамына қоғамдық бірлестіктер, бизнес-қауымдастықтар, СЭҚ мүщелері, мемлекеттік кірістер органдарының ардагерлері және т.б. енгізілді.

Айбек Минаимбекович КК мақсаттары және міндеттеріне тоқталды, КК-нің Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жанындағы кеңес беру-жиналу органы ретінде танылатынын жеткізді.

Сонымен қатар, «Қазақстан-2050» Страгетиясының мақсаты – Қазақстанның әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енгізу екенін атап өтті. Қазақстан Республикасы Президентінің «»Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» Жолдауында белгіленген жаңа  экономикалық саясатта рөлі Қазақстанның экономикалық өсімі драйвері ретінде белгіленген шағын және орта бизнесті қолдауға арналған шаралар кешені көрсетілген.

Мемлекеттік кірістер органдарының ендігі негізгі мүддесі – тек салықтар мен кедендік төлемдерді өндіріп алу ғана емес, салықтарды оңай және қолайлы төлеуге болатын табысты бизнес-ортаны қалыптастыру.  Ашық және адал жұмыс жасап, өздерінің құқықтарының толығымен қорғалатынына сенімді бизнеске жағдайлар жасалады.

Президент Н.Ә. Назарбаев қойған мемлекеттік аппарат және бизнестің өзара ынтымақтастығын трансформациялау бойынша тапсырма төлемдер мен салықтарды жинау міндеті, бизнесті жүргізу және сыртқы айналымды ынтыландыруға қолайлы жағдай жасау қажеттігін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік кірістердің бірыңғай жоғары нәтижелі жүйесін құру қажеттігін баяндады.

Мемлекеттік кірістер комитеті  өзіне салықтар және кедендік төлемдерді ерікті түрде төлеу деңгейін жоғарлату миссиясын анықтады. Ол үшін кәсіпкерлердің құқықтарының толық қорғалуын қамтамасыз ету және салықтарды оңай және ыңғайлы төлеу жағдайын қалыптастыру қажет.

Бизнеспен ынтымақтастық –  бұл «бизнесті дамыту тенденцияларын білу және бизнесті жүргізуді жеңілдетуге қажеттілікті қанағаттандыру», проблемалық мәселелерді шешу, бизнес және мемлекеттің одан әрі жұмысында бизнес қатынасын үйлестіру, сондай-ақ, қабылданылатын шешімдердің нәтижелілігі және уақытылығын бағалауға мүмкіндік беретін маңызды мәліметтердің көзі болу  мүмкіндігі.  Бұл бағытта біз шетел компаниялары өкілдерінің, Қазақстанның бизнес ортасының, түрлі қоғамдық ұйымдардың және ҚР азаматтарының белсенді және конструктивті қатысуын күтеміз.

Департамент ашықтылық принципін ұстанып, кез келген формат және кез келген уақытта өзара ынтымақтастыққа дайын.

Осы тұста мұндай диалогтың бірі – Консультативтік кеңес болып табылады.  КК қызметінің мақсаты – Қазақстан Республикасында салық және кедендік реттеуді жетілдіруде салық және кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын  кәсіпкерлер және  жеке тұлғалар субъектілеріне өзара көмек көрсету, салықтық және кедендік әкімшілендірудің нітижелі әдістерін енгізу, мемлекеттік кірістер органдарына сенімді жоғарлату.

Мемлекеттік кірістер комитетінің бірыңғай ақпараттық портал-сайты құрылуда, ол  жаңадан құрылған комитеттің маңызды ақпаратымен және электрондық қызметтердің интерактивті тізбесімен толықтырылады, жаңадан бастаған кәсіпкерлер үшін Бірыңғай Кеңес беру күні акциясы басталды.

      Бірыңғай құрылған механиз ретінде салық және кедендік жүйелерінің құрылуы аяқталуда, тиісінше,  бақылау үшін объектілерді іріктеу нәтижелігі жоғарлайды.   Негізгі қағида: «Заңды бұзу жоқ, жаппай бақылау жоқ».

Тексерулерді жоспарлау  толығымен ТБЖ  негізінде қалыптастырылады. Тексерулердің жалпы саны барынша қысқартылады, бірақ сапасы және нәтижелігі жоғарлайды.