Date of publication: 06.10.2020 13:31
Date of changing: 06.10.2020 13:32

Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы бақылау – касса машиналарының фискалдық чектерін бермеу және банк карталарын қабылдаудан бас тарту фактілерін анықтау бойынша "Азаматтық бақылау-Чекті талап ет!" пилоттық жобасын жүргізудің жалғасуы туралы, Пилоттық жобаны жүргізу кезеңі 2020 жылғы 12 мамырдан бастап 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін хабарлайды.

Аталған акция азаматтық белсенділікті арттыруға, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді тұтынушылар ретінде өз мүддлерін қорғау мәселелерінде азаматтардың құқықтық мәдениетін тәрбиелуге, көленкелі экономика мөлшерін қысқартуға, өкілдер арасында адал бәсәкелестікті ынталандыруға бағытталған.

"Азаматтық бақылау – Чекті талап ет!" акциясы бақылау – касса машиналарының фискалдық чектерін бермеу фактілерін анықтау бойынша чек талап ету.  Оған кез келген тұлға қатыса алады.

Онлайн-БКМ чегін бермеу фактісі расталған жағдайда, бейнематериал мен объектінің орналсқан жерін көрсете отырып, шағымды жіберуге болады, тегін “Wipon” қосымшасының құралдары арқылы фискалдық чекті бермеу фактісі туралы хабарлауга болады. Фискалдық чекті бермеу фактісі расталған жағдайда азамат телефон  балансына сыйақы (1000 теңге) ала алады. 

Біз Қазақстан Республикасының барлық азаматтарын азаматтық ұстанымымызды білдіруге, заңды бұзуға мүлдем төзбеушілік танытуға және «Қоғамдық бақылау – чек талап ет!» акциясына белсенді қатысуға шақырамыз.

 

Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы